Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің
заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және
8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына,
2 және 4 тармақтарына сәйкес, Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау 2026 жылғы 4 қазанға тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауылдық округтің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс–шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Алтын астық» газетінде жариялансын.
Егіндікөл аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы С. Жанабаев
Егіндікөл аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы А. Дингель