Алматы облысы Талғар ауданының
Панфилов, Кеңдала ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Талғар ауданының Панфилов ауылдық округ әкімін сайлау бойынша сайлау округі Алматы облысы Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында;
Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округ әкімін сайлау бойынша сайлау округі Алматы облысы Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында сайлау округтері құрылсын.
- Осы қаулы «Alatau Zhuldyzy» газетінде жариялансын және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Д. Батталгазиев
Хатшы Г. Лепесова
Талғар қаласы,
2026 жылғы 26 тамыз,
№ 46