Мәслихаттың 2026 жылғы 19 мамырдағы № 231 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Мәслихаттың 2026 жылғы 19 мамырдағы  № 231 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы

  Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 19 мамырдағы  №231 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»  шешіміне мынадай   өзгерістер   енгізілсін:  

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                                                 іс-қимыл агенттігі төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің                                   қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы                                     №13 (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік   тіркеу   тізілімінде                   №16299  болып  тіркелген) бұйрығына сәйкес Ұзынкөл аудандық                                     мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

    көрсетілген шешіммен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:

   1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

   «1.Осы «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 (Нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме)  сәйкес әзірленді және «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - «Б» корпусының қызметшілері)  қызметін бағалау тәртібін айқындайды.»    

  1.   Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық   мәслихатының төрағасы                                                 Н.Болатов

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/documents/details/1050726?lang=kk