«Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы Түркістан облысы, Шардара ауданында орналасқан «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы үшін әзірленген рұқсат етілетін шығарындылар нормативтерінің (РЕШН) жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 11:00-де Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы, С. Аширов көшесі, 6-үй мекенжайы бойынша өтеді.
Әсер ету аумағының географиялық координаттары: Әсер ету аумағы Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласында орналасқан «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының өндірістік алаңының шекарасымен шектеледі. 41°14′56.5″ с.е., 67°58′03.9″ ш.б.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты жергілікті атқарушы орган – Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы. Электрондық пошта: erkebai@ontustik.gov.kz, Пошталық мекенжайы: 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, 20-ғимарат.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар Ақпараттық жүйе арқылы қабылданады.
Жоспарланған қызмет бастамашысының деректемелері мен байланыс деректері: «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы. Мекенжайы: Түркістан облысы, Шардара қаласы, К. Елмұратов көшесі, 13-үй. БСН: 980940000552. Электрондық пошта: sharges@mail.ru. Байланыс телефоны: 8 (72533) 5-94-91.
Құжаттаманы әзірлеушінің деректемелері мен байланыс деректері: «Hydro Engineering Kazakhstan» ЖШС. Мекенжайы: Түркістан облысы, Жетісай ауданы, А. Жұматов көшесі, 21Б. БСН: 240940006545. Байланыс телефоны: 8 (771) 549-00-34. Электрондық пошта: azaproekt@bk.ru.
Қосымша ақпаратты 8 (771) 549-00-34 телефоны немесе azaproekt@bk.ru электрондық поштасы арқылы алуға болады.