Тергеу нәтижелері туралы ақпарат.
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: МКБ L03.2 жағдайы бойынша шұғыл хабарлама 2026 жылдың 13 шілдеден № 4313.
2.Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім беру): қатысқан жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 15 шілдеден 2026 жылғы 13 тамызға дейін.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖС Ерасыл ПВ» «Дента Жан» стоматологиялык клиникасы, Павлодар қ., Естай к-сі, 141.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Дезинфекциялық режимнің бұзылуы, медициналық қалдықтарды жинауға, сақтауға және шығаруға қойылатын талаптардың бұзылуы анықталды. Іріңді-септикалық инфекцияны іске асыру мерзімін ескере отырып: «Жақ асты аймағының солдан одонтогенді флегмоны» тісті алғаннан кейін 2-ші тәулікке, зертханалық расталған жағдай (Staphylococcus haemolyticus анықталды). Бұл жағдай «Ерасыл ПВ» ЖШС «Дента Жан» стоматологиялық клиникасында медициналық көмек көрсетуге байланысты ықтимал инфекция жағдайы ретінде бағаланады.
7.Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтік талаптарды бұзғаны анықталған жеке және/немесе заңды тұлғаларға қатысты: «Ерасыл ПВ» ЖШС «Дента Жан» стоматологиялық клиникасының жеке тұлғасы.
8. Қабылданған шаралар: айыппұл салу арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.