2026 жылғы 21 тамыздағы шешім

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2026 жылғы 21 тамызда Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысын өткізді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
  2. Жітіқара қаласы әкімінің «Жер учаскелеріне қатысты жария сервитут белгілеу туралы» шешімдерінің жобаларын бекіту туралы.

 

        Жиналыс өткізудің қорытындысы бойынша ШЕШТІ:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы –Елена Николаевна Балобанованы, жиналыстың хатшысы болып – Ольга Павловна Скоробогатованы.

         2. Жітіқара қаласы әкімінің «Жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы» шешімдерінің жобаларын бекіту.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikara-zhitikarin/documents/details/1058150?lang=kk