Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеу жүргізудің негізі: Жануарлардың тістеуі және сілекейлеуі жағдайлары бойынша 04.08.2026 ж. шұғыл хабарламалар
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылмаған
- Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 04 тамыздан бастап 2026 жылғы 21тамызға дейін.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Өмір-ПВ» ЖШС, Павлодар қ., Литвинов көшесі, 1/6
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында құтыруға қарсы көмек көрсету бойынша мынадай бұзушылықтар анықталды: өтініш білдірген күні құтыруға қарсы вакцинаны алмаған – бұл ҚР ДСМ 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығының 6-тарауы 130-тармағының 2) тармақшасын бұзу болып табылады.
Жануар тістегеннен зардап шеккен адамға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жіберілмеген – бұл ҚР ДСМ 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 «Жұқпалы аурулар, улану жағдайлары туралы ақпаратты (шұғыл хабарламаны) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсыну қағидалары» бұйрығының 2-тарауы 4-тармағын бұзу болып табылады. - Халықтың санитариялық– эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға
- Қабылданған шаралар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 1 әкімшілік хаттама толтырылды