Анықтама «Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

Анықтама

«Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

 

      Павлодар қ.                                                                                                                            14.08.2026  жыл

 

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 17.07.2026 жылғы № 23-36-1-03-157-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде жұмыс тобымен «Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-де (бұдан әрі – Басқарма) 01.05.2025 жылдан 01.05.2026 жылға дейінгі кезеңде жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша тексеру жүргізілді.

Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі

Басқарма бойынша «Тереңкөл ауданының ауылы ауруханасы» ШЖҚ КМК бойынша АІИ, қызылша, бруцеллез, туберкулез, микроспория, менингококк инфекциясы, желшешек жағдайларының тіркелуі бойынша 24 эпидемиологиялық тергеп-тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша 7 жоспардан тыс тексеру, «Эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» 1 мемлекеттік қызметі (қайта ресімдеу) талданды.

Бұзушылықтар анықталды:

 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ 96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына (бұдан әрі – СП 96) сәйкес эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу кезінде зертханалық бақылау толық көлемде жүргізілмеген, атап айтқанда: босанғаннан кейінгі эндометриттің тіркелу жағдайы бойынша (эпидемиологиялық тергеп-тексеруді тағайындау туралы 30.06.2025 ж. №28 акт, эпидемиологиялық тергеп-тексеру 30.06.2025 ж. бастап 01.07.2025 ж. дейін) дезинфекциялық-стерилизациялық жабдыққа бактериологиялық бақылау жүргізілмеген;

 -бір жағдайда туберкулез жағдайының тіркелуіне эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу кезінде эпидемиологиялық тергеп-тексеру 4-ші жұмыс күні тіркелген (эпидемиологиялық тергеп-тексеруді тағайындау туралы 24.06.2025 ж. №27 акт, 19.06.2025 ж. шұғыл хабарлама)

Көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша ескертулер анықталған жоқ.

 

Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау

Тексерілетін кезеңде Басқарма мамандарымен ауданның 12 сауда объектісінде бақылау сатып алуы жүргізілді.

Бақылау сатып алуы шеңберінде барлығы тамақ өнімдерінің 94 сынамасы іріктеп алынды. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша тамақ өнімдерінің 23 сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды.

Бақылау сатып алуы нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша объектілерге техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) алып қою және сатудан қайтарып алу туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары түрінде 9 жедел ден қою шарасы қолданылды.

Жедел ден қою шараларын қабылдауға негіз болып табылатын бұзушылықтарды жоюды бақылау толық көлемде жүргізілді. Жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау сатып алуының қорытындысы бойынша тергеп-тексерулер жүргізілген жоқ.

Көрсетілген кезеңде техникалық регламенттер талаптарының бұзылуына қатысты өтініштер келіп түскен жоқ.

Жүргізілген талдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

 

Тамақтану объектілерін бақылау

Мемлекеттік бақылау және қадағалау

Тексерілетін кезең 01.05.2025 ж. бастап 01.05.2026 ж. дейін.

Тексерілетін кезеңде тамақтану объектілерін бақылау бөлімі бойынша Басқарма 2026 жылдың 1-жартыжылдығына бекітілген тізімге сәйкес бару арқылы 5 профилактикалық бақылау тексеруін жүргізді, оның ішінде: ЖК Урумбаева Б.К. жартылай фабрикаттар цехы, наубайхана; ЖК «Павлодар-холод» сүт зауыты; «Иларбек» ШҚ шұжық цехы; ЖК Кутовой С.В. наубайханасы.

Объектілерді тексеру шеңберінде құбыр суынан, тамақ өнімдерінен, қоршаған орта объектілерінен шайындылардан, белсенділікке дезинфекциялық құралдардан сынамалар алынды, метеофакторларға, жарықтандыруға, шуға аспаптық өлшеулер жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша мынадай бұзушылықтар анықталды: дератизация, дезинсекция, дезинфекция жүргізуге, арнайы киімді жууға, қоқысты шығаруға арналған шарттардың болмауы, зертханалық зерттеулердің сәйкес келмеуі, еденнің, қабырғалардың және төбенің ішкі әрлеуінде ақаулардың (ылғалдылық, зең, ағу іздері, қабаттың ажырауы, сынықтар) болуы, қоршаудың, белгіленген контейнерлер алаңының болмауы, объектінің қызметкерлерде қол терісінің және дененің ашық беттерінде іріңді аурулардың, инфекциялық аурулар белгілерінің, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларының болуын тексеру және есепке алу жүргізілгені туралы есептік құжаттаманың ұсынылмауы, ауа температурасын және салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарының болмауы, өндірістік бақылау бағдарламасының болмауы, жарамдылық мерзімі өткен өнімдердің болуы, жасанды жарықтандыру шамдарының жарамсыз күйде болуы, қолды жууға, сүртуге және (немесе) кептіруге арналған құрылғылар мен құралдардың болмауы.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкерлерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар (5) берілді, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулылары берілді, оның ішінде: тамақ өнімдерін қайтарып алу және алып қою туралы (3), жеке тұлғаларды уақытша шеттету туралы (2).

Материалдарды талдау кезінде тексеру нәтижелерін рәсімдеу тәртібін бұзу фактісіне жол берілген, атап айтқанда, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беру бөлігінде, бұл Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 51-7-бабының 5, 6-тармақтарына қайшы келеді.

Осылайша, жоғарыда аталған бақылау объектілеріне нұсқамалар беру кезінде мән-жайларды және оны орындаудың нақты мүмкіндігін, бұзушылықтарды жою бойынша техникалық және қаржылық мүмкіндіктерді ескере отырып, 6 айдан астам мерзімдер белгіленген.

Алайда, Басқарма маманы жеке кәсіпкерден өтініштер талап етпеген, онда субъект анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және оларды жоюдың объективті себептерін баяндауға міндетті.

Өткен тексерілетін кезеңде 5 тамақтану объектісіне қатысты бармай профилактикалық бақылау жүргізілді, оның ішінде сауда объектілері: ЖК Асаева А.З., ЖК Вильгельм А.Ф., ЖК Алтай, ЖК Есмуканова; 50-ден кем отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектісі – ЖК Амирхан Ж.К.

ЖК Вильгельм А.Ф. ұсынымдардың орындалуы туралы жауапты белгіленген мерзімде ұсынды.

ЖК Асаева А.З., ЖК Алтай, ЖК Есмуканова, ЖК Амирхан Ж.К. ұсынымдардың орындалуы туралы жауаптарды ұсынбаған. Сонымен қатар, бақылау объектілері тәуекелдің төмен дәрежесіне жатады, 2026 жылдың 2-жартыжылдығына бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізу мүмкін емес.

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Elicense.kz ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, өткен тексерілетін кезеңде тамақтану объектілері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге (3) өтініш келіп түскен, оның ішінде жобалау құжаттамасына сараптама (1), объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (2).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылмаған. Уәжді бас тартулар берілмеген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша материалдарды талдау барысында мынадай сипаттағы бұзушылықтар анықталды:

«Тереңкөл Агро» ШҚ «Көкөніс қоймасы үшін санитариялық-қорғау аймағының (СҚА) мөлшерін негіздеу жобасы. Кезеңі: есептік (алдын ала)» жобалау құжаттамасына санитариялық сараптама жүргізілді.

Алайда, өтініште субъект жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және «Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылдық округі, Юбилейное ауылы, Достық көшесі, 1А ст-е мекенжайы бойынша 2200 тоннаға арналған көкөніс қоймасын салуға» санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұрайды, бұл мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының өтінішті толтыру барысында бұзушылықтарға жол беруі бөлігінде және уәжді бас тарту беруге шешім қабылдаудың болмауы бөлігінде мамандар тарапынан келіп түскен құжаттарды бақылау мен талдаудың жеткіліксіздігін көрсетеді.

Өткен кезеңде қоғамдық тамақтану объектілеріне 2 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді.

24.12.2025 жылғы № KZ21VWF00487593 СЭҚ «BANKET HOLL JASAI», Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі, 64А ст-е орналасқан; 12.03.2026 жылғы № KZ87VWF005286 СЭҚ «Дятлов» ШҚ «Дастархан» мейрамханасы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 210 үй мекенжайында орналасқан, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес берілген.

Өткен кезеңде өтініштер, шағымдар түскен жоқ.

 

Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау

Мемлекеттік бақылау және қадағалау

Тексерілетін кезең 01.05.2025 ж. бастап 01.05.2026 ж. дейін.

Тексерілетін кезеңде білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімі бойынша Басқарма жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізбеген, өтініштер, шағымдар түспеген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Тексерілетін кезеңде білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімі бойынша Басқарма 5 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген, уәжді бас тартулар берілмеген.

Сонымен қатар, заңды тұлғаның атауының өзгеруіне байланысты бұрын берілген 7 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды объектілерге тексеру жүргізбестен қайта ресімделді:

- Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» КМҚК, 20.11.2025 жылғы № KZ92VWF00464975;

- Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Талбесік» бөбекжай-бақшасы» КМҚК, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі, 187 мекенжайы бойынша, 21.11.2025 жылғы № KZ62VWF00465224 СЭҚ;

- Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Талбесік» бөбекжай-бақшасы» КМҚК, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Сейфуллин көшесі, 62 мекенжайы бойынша, 10.12.2025 жылғы № KZ15VWF00478001 СЭҚ;

- Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Ивановка орта жалпы білім беретін мектебі» КММ, Ивановка ауылы, 20.04.2026 жылғы № KZ12VWF00551872 СЭҚ;

- Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Береговая орта жалпы білім беретін мектебі» КММ, 20.04.2026 жылғы № KZ55VWF00551874 СЭҚ;

- Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Песчанка №1 орта жалпы білім беретін мектебі» КММ, 17.04.2026 жылғы № KZ57VWF00550286;

- Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «А.Н. Ёлгин атындағы №1 орта жалпы білім беретін мектебі» КММ, 09.04.2026 жылғы № KZ42VWF00544445 СЭҚ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылғаны анықталған жоқ.

5 СЭҚ берілді:

- Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Оқушылар үйі» КМҚК жанындағы қала сыртындағы лагерьге, 26.05.2025 жылғы № KZ22VWF00354297;

- «Оқушылар үйі» КМҚК жанындағы балаларды сауықтыру лагерінің ас блогына, ЖК Аскапова Ж., 30.05.2025 жылғы № KZ42VWF00358981 СЭҚ;

- Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Оқушылар үйі» КМҚК жанындағы қала сыртындағы лагерьге, 13.05.2026 жылғы № KZ61VWF00566219;

- Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Оқушылар үйі» КМҚК жанындағы ЖК Аскапова Ж. лагерінің ас блогына, 25.05.2026 жылғы № KZ04VWF00573647 СЭҚ.

Жоғарыда көрсетілген объектілер бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Айналайын» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-на берілген 25.08.2025 жылғы № KZ19VWF00411096 СЭҚ-та жас ерекшелік топтары бөлмелерінің құрамы мен алаңдары туралы мәліметтер келтірілген.

Алайда СЭҚ-та әрбір топқа орналастырылатын тәрбиеленушілердің саны (топтардың толықтырылуы) туралы мәліметтер жоқ, мектепке дейінгі ұйымның тек жобалық қуаты – 84 орын көрсетілген, бұл ретте бір балаға арналған алаң нормаларының сақталуы туралы қорытынды жасалған.

Павлодар облысының білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөліміне қарасты «Айналайын» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-на берілген 25.08.2025 жылғы № KZ19VWF00411096 СЭҚ-та жас ерекшелік топтары бөлмелерінің құрамы мен алаңдары туралы мәліметтер келтірілген.

Алайда СЭҚ-та әрбір топқа орналастырылатын тәрбиеленушілердің саны (топтардың толықтырылуы) туралы мәліметтер жоқ, тек мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаты – 84 орын көрсетілген, бұл ретте бір балаға арналған алаң нормаларының сақталуы туралы қорытынды жасалған.

Әрбір топтағы тәрбиеленушілердің саны туралы мәліметтердің болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – ҚР ДСМ-59) талаптарының сақталуына, бір балаға есептегендегі бөлмелер алаңы нормативтерінің және жас ерекшелік топтарының толықтырылуына белгіленген талаптардың сақталуы бөлігінде тиісті бағалау жүргізу мүмкін емес.

Жоғарыда аталған бұзушылықтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады.

Өткен кезеңде Тереңкөл ауданының білім басқармасының «Музыкалық мектебі» КМҚК-на қатысты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның 17-бабына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жіберу арқылы бармай профилактикалық бақылау жүргізілді.

Тереңкөл ауданының білім басқармасының «Музыкалық мектебі» КМҚК белгіленген мерзімде қызметті бастау туралы хабарламаны жібермеген. «Elicense.kz» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес қызметті бастау туралы хабарлама белгіленген тәртіппен ресімделмеген.

Сонымен қатар, объективті критерийлер бойынша бақылау объектісі тәуекелдің төмен дәрежесіне жатады, 2026 жылдың 2-жартыжылдығында бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізу мүмкін емес.

 

тексерілетін субъектінің сот органдарына шағымдануы кезінде тексеруді тағайындау туралы актілердің, тексеру нәтижелері туралы актілердің және нұсқамалардың күшін жою, оларды заңсыз деп тану тәуекелі туындауы мүмкін.

 

Әкімшілік істерді зерттеуге қатысты

Тексерілетін кезеңде 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін Тереңкөл ауданының Басқармасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 10 іс жүргізу қозғады, қысқартылған тәртіппен 412 860 теңге сомасына айыппұлдар салынды, барлық айыппұлдар өндіріп алынды. Барлық әкімшілік істер планшетте электрондық түрде жасалды.

2026 жылғы 1 қаңтардан 30 сәуірге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 7 іс жүргізу қозғалды, қысқартылған тәртіппен 302 750 теңге сомасына айыппұлдар салынды, барлық айыппұлдар өндіріп алынды. Барлық әкімшілік істер планшетте электрондық түрде жасалды.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысы бойынша СЭБД «Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-не ұсынымдар:

1.Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың тіркелу жағдайлары бойынша эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу кезінде СП 96-ның 4-қосымшасына сәйкес зертханалық бақылау жүргізу.

2.Эпидемиологиялық тергеп-тексерулердің заңнамада көрсетілген мерзімдерге сәйкес тіркелуін қамтамасыз ету.

3.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтерді сапалы қарауды қамтамасыз ету.

4.Анықталған бұзушылықтарды ұсынымдар бойынша жою жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Департаменттің персоналды басқару қызметіне 01.09.2026 ж. дейін ұсыну.

5.Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты Департаменттің персоналды басқару қызметіне 15.09.2026 ж. дейін ұсыну.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/documents/details/1056908?lang=kk