Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: жануарлардың тістеуі және сілекейлеуі жағдайлары бойынша шұғыл хабарламалар 2026 жылғы 20 шілдедегі, 22 шілдедегі және 7 тамыздағы шұғыл хабарламалар.
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылмаған
4.Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 22 шілдесінен бастап 2026 жылғы 19 тамызға дейін.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: № 1 Павлодар қалалық ауруханасы, Павлодар қ., көш. Ломова 49 Б6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеу барысында құтыруға қарсы көмек көрсетуде бұзушылықтар анықталды: құтыруға қарсы иммуноглобулин емдеу күні енгізілмеген. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 6-тарауы, 130-тармағының 2-тармақшасын бұзу.Жануарлардан тістеліп зардап шеккен адамдар бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарламалар жіберілмеген - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығымен бекітілген
7.«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану жағдайлары туралы ақпаратты (шұғыл хабарламаны) ұсыну қағидаларының» 2-тарауының 4-тармағын бұзу.7. Халықтың санитариялық– эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға
8.Қабылданған шараларҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды