Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
|
Құрманғазы ауданы |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3 тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Құрманғазы ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша:
- Кудряшов ауылдық округі шекарасында Кудряшов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі;
- Қиғаш ауылдық округі шекарасында Қиғаш ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округтерінің тізімі мен олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Б. Габдулов |
|
Хатшы |
Ж.Сундетов |
Құрманғазы ауылы
19 тамыз 2026 жыл
№7