Қарабалық ауданы аумақтық
сайлау комиссиясының
2026 жылғы 19 тамыздағы
№ 11/12 қаулысына қосымша
2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Қостанай облысы Қарабалық ауданының Лесное ауылы, Өрнек ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Қарабалық ауданының Лесное ауылы, Өрнек ауылдық округі әкімдерін сайлауды тағайындау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 19 тамызда (113-1-б.2,3-т.)
|
|
2. Сайлау округінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 29 тамыздан кешіктірмей (22-б.)
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 29 тамыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 3 қыркүйектен кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2026 жылғы 3 қыркүйектен кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкімге кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2026 жылғы 20 тамыздан басталып, 2026 жылғы 1 қыркүйектің 18.00 сағатта аяқталады. (113-3-б.1-т,5-т.)
|
|
7. Әкімге кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (113-2-б. 4-б. 4-т.,)
|
|
8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімге кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1)-т., 31-б.)
|
|
9. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауғаарналған қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкімге кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.)
|
|
11. Кандидаттардың құжаттарын арнайы тексеру жүргізу үшін Ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдау Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Тіркеуге барлық құжаттар түскен сәттен бастап (113-5-б. 4-т.)
12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімге кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (01.08.2026) |
|
|
|
Кандидат және оныңжұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
15. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2026 жылғы 20 тамыздан басталып, 2026 жылғы 6 қыркүйектің жергілікті уақыт бойынша 18.00 сағатта аяқталады (113-5-б.) |
|
16. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 2026 жылғы 6 қыркүйектің жергілікті уақыт бойынша 18.00 сағаттан кейін басталып, 2026 жылғы 26 қыркүйектің жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. (27-б. 2-т.)
|
|
19. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттарменолардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 6 қыркүйек (24-б. 5-т.)
|
|
21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 12 қыркүйектен бастап (26-б., 1-т.)
22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 17 қыркүйектен кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күнненкешіктірмей 2026 жылғы 24 қыркүйектен ерте емес 26 қыркүйектен кешіктірмей (37-б.,3-т.)
|
|
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де 2026 жылғы 27 қыркүйек (40-б. 1-т.) |
|
25. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлаукүні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойыншасағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
29. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 30 қыркүйіктен кешіктірмей (113-10-б.) |
|
30. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 3 қазанннан кешіктірмей (44-б.)
|
|
31. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастапжеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2026 жылғы 3 қазаннан кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.