Шұғылбай ауылдық округінің 2025 жылғы және 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 Шұғылбай ауылдық округі Көкпекті ауданының орталығынан 65 км қашықтықта орналасқан. Округ 2 елді мекеннен тұрады, Шұғылбай және Мелитополь ауылдары. Табиғат жағдайы: шұғыл-континентальды, жазық дала, солтүстік-шығыста орналасқан. Орталығы - Шұғылбай ауылы. Округ бойынша          ағымдағы жылы 117 аула, 427 тұрғын тіркелді. Шұғылбайда 359 адам, Мелитопольда – 69 адам. Өткен жыл басынан бері 116 аулада 421 адам болған. Ауылдық округте  1 мектеп, 1 шағын орталық, 1 медициналық пункт, 1 ауылдық клуб, 1 кітапхана және 1 мұсылмандар мешіті ауыл тұрғындарына қызмет етеді.

 

Әлеуметтік қорғау

 

Ауылдық округтегі зейнеткерлер саны - 72 адам, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны, адам (мүгедектер, асыраушыларынан айырылғандар, әлеуметтік жәрдем ақы) - 21 адам.

3 отбасы, яғни, 15 адам, 11 бала Атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылып отыр. Жыл басынан бері 5 жалғызбасты зейнеткерлерге 1 әлеуметтік қызметкер үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп отыр. Мерекелік іс-шараларда аталмыш мұқтаж азаматтарға демеушілер тарапынан да көмек көрсетіліп отырады.

Neet санаты бойынша жұмыссыздар саны: 2 адам.

Ауыл шаруашылығы

 

Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі – 17,202 га, оның ішінде егістік – 6028,0 га, шабындық 2154,3 га, жайылым – 7854,42 га. 

Ауылдық округтің жалпы бағыты мал шаруашылығы және егін шаруашылығы. Округте егін және мал шаруашылығымен айналысатын  2 ЖШС және 38 шаруа қожалығы  өз жұмысын жүргізіп отыр. Өткен жылғы көктемгі егін-дала жұмыстарына 24 шаруашылық қатысып, барлығы  6028 га жер игерілді. Оның ішінде: 1716 га жерге бидай, 227 га жерге арпа, 100 га жерге сұлы, 3985 га жерге күнбағыс егілді.

Шегірткеге қарсы 600 гектар жерге дәрі себілді.

 

Ауылдық округте мал шаруашылығының дамуы оң қарқын алуда. Атап айтқанда, округ бойынша ірі қара мал басының саны -  4214 бас, ұсақ мүйізді мал басы- 4371, жылқы – 853 басты құрайды.       

«Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, шаруаларын дөңгелетуге ниетті азаматтар бар. Атап айтқанда, өткен жылы 4 жоба әзірленіп, тапсырылған еді. Алайда, қаржыландыру болмағандықтан, жобалар жүзеге асқан жоқ.

2026 жылы округіміздегі «Мейірбек» ШҚ Герефорд тұқымының әлемдік кеңес мүшесі болып саналатын ГЕРЕФОРД ТҰҚЫМЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ толық құқылы мүшесі атанды.

 

 

 

 

2026 жылдың көктемгі сералогиялық тексеруден ірі қара және ұсақ мүйізді малдардың барлығы  өтті, нәтижесінде бруцеллез ауруына теріс нәтиже берді. Былтырғы жылы Шұғылбай ауылдық округі басқа округтерге қарағанда мал аурулары анықталған жоқ. Тұрғындарға бруцеллезге, аусылға қарсы екпе салдыру жөнінде түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіледі.

 

Денсаулық

Округте 1 фельшерлік пункт орналасқан. Онкологиялық аурумен есепте тұрғандар саны 3 адам болса, жүрек-қан тамыры ауруларымен есепке алынғандар саны 48 адам. Өткен жылы  аулымызда 4 сәби дүниеге келді. Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 2 бала дүниеге келеді деп күтілуде. Алайда, білікті мамандар тапшылығы  біздің округімізде де орын алып отыр. Медициналық білімі бар мамандар аса қажет.

 

Білім

 

Шұғылбай ауылдық округінде Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы білім беру мектебі бар. Бүгінгі күнге оқушылар контингенті 85 баланы құрап отыр. Шағын орталықта тәрбиеленушілер саны 9 бүлдіршін. Мектептегі 29 мұғалім оқушыларға білім береді. Оның ішінде:  Педагог –зерттеуші - 5, Педагог – сарапшы - 8 , Педагог – модератор – 12 адам. Жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдер саны - 26 адам. Техникалық шаруашылықпен айналысатын жұмысшылар саны 20 адам. Мектепке тасымалдау бойынша 11 балаға мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр. Тегін тамақтану бойынша мемлекеттік қызметтің игілігін 56 оқушы көріп отыр. Яғни, 1-4 сыныптарда 34 оқушы, ал 5-10 сыныптарда 20 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Алтын белгіге ұсынылып отырғандар -1 оқушы, үздік аттестатпен аяқтайтын оқушы-1.

2025 жылы мектептің терезелері жаңартылып, 15,0 млн.теңге сомаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, мектеп ауласына                           13,5 млн.теңге сомаға брусчатка төсемдері төселді.

 

Мәдениет

 

Шұғылбай ауылында ауыл тұрғындарының қолдауымен 2023 жылы клуб салынып, бүгінгі күні ауыл халқы игілігін көріп отыр. Өткен жыл басынан бері               25 іс-шара өткізіліп, 733 адам қамтылды. Ағымдағы жылдың 3 айында 6 іс-шара ұйымдастырылды.

Ауыл тұрғындары үшін 1 кітапхана қызмет көрсетеді. Ондағы кітап қоры               15 мың кітаптан құралған. Оның ішінде 12000 қазақ тілімізде болса, 3000 данасы орыс тілінде. Жыл басынан бері тұрғындармен, сондай-ақ мектеп оқушыларымен түрлі іс-шаралар өтікізіліп, ауыл тұрғындарының кітап оқуға деген ынтасын ояту бағытында жұмыстар жасалды.  

Аудан әкімінің  жүлдесіне арналған спартакиада ойындарында Шұғылбай ауылының жастары жалпы командалық есеп бойынша 9 округтан 2024 және 2025 жылдары жүлделі 2, 3 орындар жеңімпазы атанды. «Асық ату» ұлттық ойынынан жасөспірімдеріміз облыстық деңгейде жеңімпаз болып, Түркістан қаласында өткен республикалық сайыста жүлдемен оралды. Жалпы алғанда, Шұғылбай ауылдық округінің жастары білім және спорт саласында және КВН ойындары бойынша белсенділік танытып, республикалық межелерді бағындырып келеді. 

 

2025 жылы атқарылған жұмыстар

 

- Шұғылбай елді мекенінде 6 км көлемінде жарықтандыру бағандарын жөндеу және кабельдерін ауыстыру жұмыстары жұргізілді. 15 жаңадан бағандар қойылды.

- І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің терезелері ауыстырылды

- І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің ауласына брусчатка төсемдері төселді.

-Мелитополь ауылында 6 км жерге дамбы жасалды

-Шұғылбай ауылында ұзындығы 300 метрден 2 жерге дамбы жасалды

-Шұғылбай ауылының кіре берісіне су ағар көпір орнатылды

-Шұғылбай ауылында Жеңіс саябағы жасалды

2026 жылы атқарылатын жұмыстар  

 

- Шұғылбай ауылында балалар ойын алаңын орнату – жұмыстар аяқталды

-Ауылды көріктендіру және абаттандыру, санитария: соның ішінде «Су құбырының құрылысы»

- Шұғылбай ауылының ауылішілік автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу (қиыршық тас төсеу және жолды грейдерлеу).

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti-shugalbay/documents/details/1055999?lang=kk