Қарабалық ауданының Лесное ауылы, Өрнек ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

     

Қостанай облысы Қарабалық ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Қостанай облысы Қарабалық ауданының Лесное ауылы,

Өрнек ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

Қарабалық кенті                                      № 11/12                          2026 жылғы 19 тамыз

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының               1)-тармақшасына сәйкес, Қарабалық ауданының Лесное ауылы, Өрнек ауылдық округі әкімдерінің заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімінің аяқталуына байланысты Қарабалық ауданының аумақтық сайлау    комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Лесное ауылы, Өрнек ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Қарабалық ауданының Лесное ауылы, Өрнек ауылдық округі әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қарабалық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Айна» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                         Г. Баймухаметова                 

 

Хатшы                                        Ж. Мукашева

 

 

 

                             

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/documents/details/1055970?lang=kk