Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жітіқара ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 289 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10316-10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                  Жітіқара ауданының

                               әкімі                                                                             А. Жаныспаев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1055880?lang=kk