|
Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3 тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Исатай ауданы Нарын ауылдық округінің шекарасында Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі мен шекарасы және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
К.Губашев |
|
Хатшы |
Г.Сиранова |
Аққыстау ауылы
2026 жылғы 19 тамыз
№ 2