Өнеркәсіп. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында аудан кәсіпорындарында 88039,0 млн. теңге сомасына немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 124,3% өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 106,6% құрады.
2026 жылғы 1 тамыздағы жедел деректер бойынша 3-6 топтағы 145,5 мың тонна хризотил-асбест өндірілді, бұл өткен жылдың көлемінен 3,7%-ға кем.
Алтынды өндіру 6,0%-ға азаюмен 172,0 кг-ды құрады, құрамында алтыны бар кенді өндіру 17,5%-ға ұлғаюмен 2161,6 мың тоннаны құрады. Болат құю өндірісі 0,7%-ға азаюмен 325,2 тоннаны құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында ауыл, орман, балық шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі (ағымдағы бағамен) 3136,0 млн. теңгені, оның ішінде ауыл шаруашылығы – 3132,6 млн. теңгені, балық шаруашылығы – 3,4 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығының ЖКИ 103,3% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 17,3%-ға ұлғаюмен 17563,0 млн. теңгені құрады. Инвестициялардың ЖКИ – 111,7% құрады.
Құрылыс жұмыстары. Қаңтар-шілде айларында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың деңгейіне 2,0 есеге ұлғаюмен 8063,0 млн. тенгені құрады. Құрылыс жұмыстарының ЖКИ – 190,0% құрады.
2026 жылғы қаңтар-шілде айларында тұрғын үйлерді 3217,8 ш.м. пайдалануға берілді (2025 ж. қаңтар-шілде – 559,0 ш.м.).
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2026 жылғы 1 тамыздағы статдеректер бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 253 бірлікке азаюмен 1691 бірлікті, оның ішінде заңды тұлғалар – 6 субъектіге азаюмен 230 бірлікті, жеке кәсіпкерлер – 227 субъектіге азаюмен 1292 бірлікті, шаруа қожалықтары - 20 субъектіге азаюмен 169 бірлікті құрады.
Сауда. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында бөлшек сауда көлемі 10,6% өсіммен 4620,8 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауданың ЖКИ – 100,7%.
Көтерме сауда көлемі 99,5%-ға ұлғаюмен 12818,7 млн. теңгені құрады. Көтерме сауданың ЖКИ – 182,7%.
Өмір деңгейі. 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан бойынша орташа айлық жалақы 15,1% өсіммен 423 219 теңгені құрады.
Қаржы.
Өткен жылдың ұқсас кезеңіне меншікті кірістер 18,8%-ға немесе 495,8 млн. теңгеге ұлғаюмен аудандық бюджетке 3129,4 млн. теңге түсті. Салық және төлем түсімдерінің болжамы 107,5%-ға орындалды.