
САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшелері мүгедектігі бар сайлаушылардың қатысуымен сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында сайлау учаскелерінің қолайлылығы, ғимараттарға кедергісіз кіру мүмкіндігі, пандустардың болуы және дауыс беруге қажетті жағдайлардың жасалуы назарға алынды.
Іс-шараның басты мақсаты – әрбір азаматтың сайлау құқығын тең дәрежеде жүзеге асыруына мүмкіндік жасау.
Тең мүмкіндік – қолжетімді ортадан басталады! Әрбір азаматтың таңдауы маңызды!