Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: «Ақсу қаласының № 8 жалпы орта білім беру мектебі» КММ оқушысынан 28.10.2026 ж. № 22 В35 диагнозының тіркелу жағдайы бойынша шұғыл хабарлама
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 30 қазаннан бастап 2026 жылғы 25 қарашаға дейін
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ақсу қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК, медициналық кабинет «Ақсу қаласының № 8 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – Ауру жұқтырған адам соңғы рет келген сәттен бастап байланыста болған тұлғаларға 30 күн бойы бақылау қамтамасыз етілді. Эпидемиологиялық тексеру кезеңінде мектепте жаңа жағдайлар тіркелген жоқ. Заңнама бұзушылықтар анықталған жоқ
7. Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – бұзушылықтар анықталған жоқ
8. Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды