ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

Қаражал қаласы                    2026 жылғы 20 мамыр

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағына, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 5-тармағына және «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 36 бұйрыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Аталған бұйрық негізінде мемлекеттік мекемеде Қағидаларға сәйкес мемлекеттік мекеме бойынша ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

1.     Мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2.     Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі: 2026 жылғы 6 сәуірден 20 мамырға дейін.

Талданатын қызмет кезеңі: 2025 жыл.

1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

«Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Есепті кезеңде нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2. Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1) Персоналды басқарудағы сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін анықтау

Мемлекеттік мекеменің бекітілген штат кестесіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер саны 6 бірлікті, штаттан тыс қызметкерлер саны 7 бірлікті құрайды, оның ішінде: 2,25 спорт нұсқаушысы, 2 әдіскер, 1 іс жүргізуші, 1 жүргізуші, 0,25 теолог.

Мемлекеттік мекеменің барлық мемлекеттік қызметшілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті арнайы тексеруден өтті. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері жоқ. Барлық мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында белгіленген шектеулерді қабылдады.

2) Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін анықтау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік мекемеде жақын туыстардың бірлесіп қызмет атқару (жұмыс істеу) фактілері анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері жоқ.

Мемлекеттік мекеменің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

4) Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Мемлекеттік мекеме рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

5) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Мемлекеттік мекеме бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырмайды.

 

6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру мен бөлуге байланысты

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

2025 жылға арналған бюджет және қаржы қаражатын игеру мен бөлуге жүргізілген талдау барысында бөлінген бюджет қаражатының жалпы көлемі 332 950,0 мың теңгені құрайтыны анықталды.

2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мекеме қызметкерлеріне жалақы есептеу және төлеу кезінде қателіктер жіберілгені анықталды. Атап айтқанда, қызметкер М.Е. Жетимековаға 100,0 мың теңге мөлшерінде сыйақы артық аударылған, сондай-ақ қызметкер Ж.С. Мухидиноваға 2025 жылғы желтоқсан айы үшін жалақы толық төленбеген.

Аталған фактілер бухгалтерлік есепте қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысулардың дұрыс көрсетілмеуіне әкеп соқты, бұл өз кезегінде бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерінің анықтығына әсер етіп, мекеменің міндеттемелері мен қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысулары бөлігінде қаржылық есептілік деректерінің бұрмалануына алып келді.

7) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру саласындағы сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Мемлекеттік мекеменің 2025 жылғы мемлекеттік сатып алуларына талдау жүргізу барысында тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге жасалған шарттардың жалпы сомасы 128 376,0 мың теңгені құрайтыны анықталды. Барлығы 64 шарт жасалған.

Талдау барысында шарттық міндеттемелердің орындалуына және өнім берушілерге қатысты заңнамада көзделген шараларды қабылдауға тиісті бақылаудың болмауының мынадай фактілері анықталды:

- Қаражал қаласының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Алтын Мұрагер» қоғамдық қорымен 2025 жылғы 7 мамырда жасасқан № 09 қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты бойынша өнім берушінің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауына байланысты оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызы сотқа заңнамада белгіленген мерзімді бұза отырып берілген;

- 2025 жылғы 24 сәуірде жеке кәсіпкер «Maraltravel»-мен жасалған № 30 шарт бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз ету енгізілмеуіне байланысты өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға жолдау жөнінде заңнамада көзделген шаралар қабылданбаған;

- 2025 жылғы 17 қыркүйекте «Ораз Ахун» қоғамдық қорымен жасалған № 34 шарт бойынша шартта көзделген тұрақсыздық айыбын өндіріп алу қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызы берілмеген.

8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Мемлекеттік мекемеде ақпараттық жүйелерді әзірлеу жұмыстары жүргізілмейді. Мемлекеттік мекеме жұмысында мынадай ақпараттық жүйелер пайдаланылады: Құжат айналымы жүйесі (ҚАЖ), «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі»; «eQyzmet» ААЖ; «Мемлекеттік органдардың интернет-порталы» (МОИП) ИПГО; «е-Минфин» ИАЖ; «Мемлекеттік электрондық сатып алу порталы» ААЖ; «Әкімдік қызметін жоспарлау және басқару» ААЖ; «Клиент–қазынашылық» ақпараттық жүйесі; «1С:Бухгалтерия» бағдарламалық өнімі. Аталған жүйелерді пайдалану сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қорытынды:

Осылайша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған кемшіліктерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауының алдын алу және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында мемлекеттік мекемеге:

1.     Қызметкерлерге жалақыны дұрыс есептеу мен төлеуге, қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысулардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуіне және анық қаржылық есептіліктің уақтылы ұсынылуына тиісті бақылауды қамтамасыз ету.

2.     Өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауына ішкі бақылауды күшейту, олардың міндеттемелерді тиісінше орындамау фактілерін уақтылы анықтауды және заңнамада көзделген ден қою шараларын қабылдауды қамтамасыз ету.

3.     Өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қою арыздарымен сот органдарына жүгінудің заңнамада белгіленген мерзімдерін сақтауды қамтамасыз ету.

4.     Өнім берушілер шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамаған немесе орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға мәліметтерді жолдау тәртібі мен мерзімдерін сақтауды қамтамасыз ету.

5.     Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және сүйемелдеуге, бухгалтерлік есепті жүргізуге және шарттардың орындалуын бақылауға тартылған қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттер мен дербес жауапкершілікті тиісінше бөлуді қамтамасыз ету.

6.     Мемлекеттік мекеме және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

7.     Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын интернет-ресурста уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету.

8.     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша берілген ұсынымдардың орындалуын және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

«Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.          Ж. Жакенова

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/documents/details/1104801?lang=kk