Мәдениет саласын цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу

Көкпекті ауданында мәдениет саласын цифрландыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, ақпараттық қолжетімділікті кеңейту және ауданның мәдени мұрасын насихаттау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Ауданның мәдениет мекемелері мен кітапханаларында заманауи цифрлық құралдарды кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары қолға алынған. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындары үшін мәдени іс-шаралардың қолжетімділігін арттырып, мәдени өмірге деген қызығушылықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, келесі бағыттарға басымдық берілуде:

  • Ақпараттық қолжетімділік: мәдениет мекемелерінің қызметін әлеуметтік желілер мен ресми ақпараттық ресурстарда жариялау, алдағы іс-шаралардың анонстарын, фото және бейнематериалдарын тұрақты түрде орналастыру.

  • Кітапханаларды цифрландыру: оқырмандарды, әсіресе жастарды тарту мақсатында электронды каталогтарды, цифрлық кітапхана қорларын және онлайн платформаларды пайдалануды кеңейту.

  • Мәдени мұраны насихаттау: ауданның тарихы, белгілі тұлғалары, тарихи-мәдени ескерткіштері, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы ақпараттарды интернет желісінде жариялау.

  • Техникалық жабдықтау: мәдениет мекемелерінің компьютерлік техникасын, дыбыс және жарық құрылғыларын кезең-кезеңімен жаңарту, мәдени-көпшілік іс-шаралардың сапасын арттыру мақсатында LED-экрандар орнату.

  • Цифрлық дағдыларды дамыту: мәдениет мекемелері қызметкерлерінің заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Сонымен қатар, Көкпекті ауданының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында өткізілген мәдени іс-шаралардың электронды мұрағатын құру, аудан тарихы мен мәдени құндылықтары туралы цифрлық мәліметтер базасын қалыптастыру жұмыстары жоспарлануда.

Аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру мәдени мұраны келер ұрпаққа сақтап жеткізуге, аудан тұрғындарының мәдени өмірге деген қызығушылығын арттыруға және заманауи цифрлық технологиялар арқылы мәдени қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/documents/details/1104789?lang=kk