7-ПГСВ Қазақстан Республикасында 14-17 жастағы (қоса алғанда) қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы қосымша вакцинацияны жүргізу туралы

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БАС МЕМЛЕКЕТТІК

САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

 

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «КОМИТЕТ САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ МИНИСТЕРСТВА  ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

 

ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

___________________________________________________________________________________________________________

 

ҚАУЛЫ

 

_________________________

Астана қаласы

 

 

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

№___________________

город Астана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында 

14-17 жастағы (қоса алғанда)

қыздарға адам папилломасы вирусына

қарсы қосымша вакцинацияны

жүргізу туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және                    102-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.       Ата-анасының (заңды өкілінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ерікті негізде  14 жастан бастап 17 жас 11 ай 29 күнді қоса алғандағы жасқа дейінгі қыздарға адам папилломасы вирусына (бұдан әрі – АПВ) қарсы қосымша вакцинация жүргізу ұйымдастырылсын.

2.       Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес АПВ-ға қарсы профилактикалық екпелер жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) бекітілсін.

3.       Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері АПВ-ға қарсы вакцинациялауға дайындық және оны жүргізу жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және үйлестіру үшін:

1)                ата-анасының (заңды өкілінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ерікті негізде 14 жастан бастап 17 жас 11 ай 29 күнді қоса алғандағы жасқа дейінгі қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыруды және жүргізуді;

2) 14 жастан бастап 17 жас 11 ай 29 күнді қоса алғандағы жасқа дейінгі  қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың жүргізілуін апта сайын  мониторингілеуді қамтамасыз етсін.

4.       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14 жастан бастап 17 жас 11 ай 29 күнді қоса алғандағы жасқа дейінгі қыздарға баланың оқу орны бойынша немесе тіркелген жеріне байланысты медициналық ұйым бойынша ерікті негізде АПВ-ға қарсы вакцинация алу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберуді қамтамасыз етсін.

5.       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ҚДСҰО) Басқарма төрағасы:

1) өңірлерге АПВ-ға қарсы вакцинация және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуді;

2) жатыр мойны обырының алдын алуда иммундаудың маңыздылығы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

6.       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының жетекшілік ететін орынбасары 14 жастан бастап 17 жас                  11 ай 29 күнді қоса алғандағы жасқа дейінгі қыздарға АПВ-ға қарсы профилактикалық екпелердің жүргізілуін үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етсін.

7.       Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

8.       Осы қаулы Комитеттің ресми интернет-ресурсында жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                 С. Бейсенова

 

 

 

 

                                                                 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

20__ жылғы «___ »_______________

                                                                                         №____ қаулысына 

                                                                                                1-қосымша

 

 

Адам папилломасы вирусына қарсы

профилактикалық екпелерді жүргізу

алгоритмі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1.       Осы Адам папилломасы вирусына қарсы профилактикалық екпелерді жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) адам папилломасы вирусына (бұдан әрі – АПВ) қарсы профилактикалық екпелерді жүргізу тәртібін айқындайды.

2.       14 жастан бастап 17 жас 11 ай 29 күнді қоса алғандағы жасқа дейінгі қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинация «Гардасил» 4 валентті (6, 11, 16, 18 типтері) вакцинасымен мынадай схема бойынша:

- бірінші доза – кез келген таңдалған күн;

- екінші доза – бірінші дозадан кейін 2 айдан кейін;

- үшінші доза – бірінші дозадан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі.

3.       Вакцина 0,5 мл дозада иықтың дельта тәрізді бұлшықет аймағына енгізіледі. Бұл ретте барлық үш дозаны жылдық кезең ішінде енгізу ұсынылады.  

4.       Екінші және үшінші  дозаны уақтылы енгізбеген жағдайда вакцинация курсын қайтадан бастау ұсынылмайды; салынбаған дозалар енгізіледі. Бұл ретте үшінші доза екінші дозадан кейін 3 айдан ерте емес енгізіледі.

5.       АПВ-ға қарсы вакцинациялау профилактикалық екпелерге медициналық қарсы көрсетілімдер ескеріле отырып «Профилактикалық екпелерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы              21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. 

АПВ-ға қарсы вакцинацияның бірінші немесе екінші дозасын енгізгенде ерекше күшті реакция дамыған жағдайларда, кейінгі дозаларды енгізу тоқтатылады.

6.       14 жастан бастап 17 жас 11 ай 29 күнді қоса алғандағы жасқа дейінгі қыздарға вакцинациялау білім беру ұйымдарындағы медициналық кабинеттерінде және медициналық ұйымдардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.  

7.       Вакцинация 11-13 жас аралығындағы қыздарға жоспарлы және толықтыра вакцинация жүргізу үшін АПВ-ға қарсы вакциналардың қалдықтарын ескере отырып, вакциналардың қолда бар көлеміне байланысты жүргізіледі.

8.       Егу пункті және салқындату тізбегін сақтау үшін жағдайлар жоқ білім беру ұйымдарында немесе медициналық ұйымдарда егілуге тиіс адамдарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін қажетті жабдықтармен (салқындату элементтері бар вакциналарды тасымалдауға арналған термоконтейнерлермен, шокқа қарсы терапия жиынтықтарымен, «А» сыныбының және «Б» сыныбының медициналық қалдықтарын медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерлер (бұдан әрі – ҚЖКЖК)) жарақтандырылған және оқытылған медицина персоналымен толықтырылған көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады.

9.       Егу бригадасы әрбір егу пунктінде қалыптастырылады. 1 егу бригадасының құрамы мыналарды қамтиды: дәрігер – 1, егу мейіргері – 1 және қажет болған жағдайда тіркеуші – 1. Ауылдық жерлерде егу бригадасын мынадай құрамда ұйымдастыруға жол беріледі: (дәрігер болмаған кезде) фельдшер – 1, егу мейіргері – 1, қажет болған жағдайда тіркеуші – 1.

10.  Білім беру ұйымдарындағы егу пункттері жасөспірімдердің шоғырлануын болдырмайтын егілетін адамдардың тұрақты біржақты ағынын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады.

11.  Жүргізілген профилактикалық егулер профилактикалық екпелерді жүргізу күнін, егу түрін, препаратты өндірушіні, вакцинаға реакцияны көрсете отырып, белгіленген есепке алу нысандарында (профилактикалық екпелерді есепке алу журналы, медициналық ақпараттық жүйелер, ҚР ДСМ Бекітілген халық тіркелімі «Вакцинациялау» модулі (бұдан әрі – Модуль)) тіркеледі.

12.  Вакцинация жүргізу барысында профилактикалық екпелерді  жүргізетін медицина қызметкерлері жүргізілген екпелер, бас тартулар, медициналық себептерге байланысты кейінге қалдырулар және вакцинаны пайдалану туралы деректерді Модульге енгізеді.

 

2. Иммундау жүргізу қауіпсіздігі

 

13.  Профилактикалық екпелерді жүргізуге арналған егу кабинеті                  2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 150 бұйрықпен бекітілген «Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жарақтандырылады. Бұл ретте шокқа қарсы терапия құралдарының толықтығын және жарамдылық мерзімдерін сақтауды қамтамасыз ету қажет.

14.  Егу кабинеттерінде иммундауды ұйымдастыру кезінде:

1) уақыт аралықтарын және қашықтықты сақтау шараларын сақтау;

2) егу кабинетінде адамдардың шоғырлануына жол бермей, вакцинациялауға 3 қыздан асырмай шақыру қамтамасыз етіледі; бұл ретте 1 жұмыс күні ішінде бір егу бригадасына 40 қыздан асырмай вакцинациялау ұсынылады;

3) егілген адамдар вакцинациядан кейін 30 минут бойы медициналық бақылауда болатын жеке желдетілетін үй-жайды бөлу;

4) инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау қағидаттарын сақтау;

5) психологиялық-эмоциялық жүктемені болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары үшін мектептің психологын немесе әлеуметтік педагогты тарту;

6) вакцинация барысында құлаудың алдын алу мақсатында отырғызып немесе жатқызып егу жүргізу, аш қарынға егу жүргізбеу қамтамасыз етіледі.

15.  Вакцинаны енгізу қауіпсіздігі мақсатында:

1) пайдалану алдында әрбір бірліктің таңбалауын (препараттың атауының, жарамдылық мерзімінің, сыртқы түрінің нұсқаулықтағы сипаттамаға сәйкестігі, тұтастығы) мұқият зерделеу; 

2) нұсқаулыққа сәйкес вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттарын сақтау (плюс 2°C-тан плюс 8°C-қа дейінгі температурада, жарықтан қорғау керек. Мұздатпау керек).

3) егер вакцинаға қоса берілетін нұсқаулықтарда басқа нұсқаулар болмаса, енгізу орнын 70% спиртпен өңдеуді жүргізу;

4) вакцинаның қаптамасын ашу егілетін адамның немесе оның заңды өкілінің көзінше вакцинация алдында тікелей жүргізіледі;

5) ҚЖКЖК-ны инъекция тікелей жүргізілетін орынның жанында тұрақты беткейде  орналастыру талап етіледі;

          6) пайдаланылған медициналық қалдықтарды жинау, сақтау және кәдеге жарату «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы                                11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

16.  Иммундау жүргізу алдында әрбір егілуші алатын АПВ-ға қарсы екпе туралы хабардар етіледі, егілушіге профилактикалық екпе, иммундаудан кейінгі  мүмкін болатын реакциялар мен қолайсыз көріністер, екпеден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат беріледі және Алгоритмге қосымшаға сәйкес пациентке ақпараттық материалы бар жадынама береді.

17.  Вакцинация алдында егілушілерге 2023 жылғы 21 қыркүйектегі                 № 150 бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сауалнама жүргізіледі.

18.  Медицина қызметкері иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер  (бұдан әрі – ИКҚК) пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді және АПВ-ға қарсы вакцинацияның екінші дозасымен вакцинациялау мерзімін хабарлайды.

 

3. Екпеден кейінгі кезеңді бақылау және адам папилломасы вирусына қарсы иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тергеп-тексеру

 

19.  Профилактикалық екпе жүргізілгеннен кейін АЖ-ға деректерді енгізе отырып, вакцинациядан кейін алғашқы 30 минут бойы, одан әрі алғашқы 3 күнде медициналық бақылау жүргізіледі.

20.  ИКҚК-ның тіркелуіне мониторинг жүргізу және АПВ-ға қарсы вакцинация қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде уақтылы шараларды қабылдау мақсатында ИКҚК-ны қадағалау жүргізіледі. 

21.  ИКҚК жағдайларының тіркелуі және оларды есепке алу «Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

22.  ИКҚК-ға күдіктенудің әрбір жағдайы егілген адамның денсаулық жағдайы туралы, екпе туралы, препарат туралы, ИКҚК клиникасы туралы, ИКҚК пайда болған кезде медициналық көмекті ұйымдастыру туралы мәліметтерді қамтитын ИКҚК жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеру актісін жасай отырып тергеп-тексеруге жатады. 

23.  Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ИКҚК жағдайлары мыналарға  жіктеледі:

1) вакцинациямен себеп-салдарлық байланыстың болуы:

- вакцинаның әсерімен немесе вакцинаны енгізудегі организмнің ерекшеліктерімен байланысты жағдай;

- вакцина сапасының бұзылуымен байланысты жағдай;

- вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі бағдарламалық қатемен байланысты жағдай.

2) анықталмаған жағдай:

- уақытша байланыстың тұрақты дәлелі бар, алайда ИКҚК-ның себебі вакцина екендігі туралы нақты деректер жеткіліксіз;

- анықталған факторлар иммундаумен себеп-салдарлық байланыстың тұрақтылығына қатысты қарама-қайшы бағыттарды көрсетеді.

3) иммундаумен себеп-салдарлық байланыстың болмауы (кездейсоқ сәйкестік);

4) вакцинациялауға қатысты халықтың алаңдаушылығын туғызатын, себеп-салдарға байланысты анықтау үшін қосымша ақпарат талап етілетін ИКҚК-ның жіктелмеген жағдайлары.

24.  Екпе жүргізілетін денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарында ұйымдарының басшылары вакцинация техникасының бұзылуы анықталған жағдайда, медицина қызметкерін иммундау жүргізуге қатысудан шеттетуге дейін баратын қажетті шараларды қабылдайды.

25.  Вакцинацияны жүргізген және вакцинациядан кейінгі кезеңде егілген адамды бақылайтын медицина қызметкері анафилактикалық шокты естен танудан ажыратады және шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

26.  Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері:  

1)       ИКҚК-ға күдіктену кезінде пациентке медициналық көмек көрсетеді және қажет болған жағдайда мамандандырылған көмек көрсету үшін уақтылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз етеді;  

2)       екпеден кейін әлсіздік, гиперемия және вакцина енгізілген орында елеусіз ауырсыну,  сондай-ақ ықтимал елеулі ИКҚК пайда болуымен күтілетін реакцияның пайда болу мүмкіндігі туралы егілетін адамдармен түсіндіру бойынша әңгімелесулер жүргізеді;

3)       ИКҚК-ға күдіктену кезінде 12 (он екі) сағат ішінде бақылау және қадағалау органының бөлімшесіне, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптау ұйымына (бұдан әрі – сараптау ұйымы) ақпараттық жүйе арқылы онлайн режимде (портал) не электрондық пошта арқылы шұғыл хабарлама береді немесе қағаз түрінде қолма-қол береді. 

27.  Аумақтық бөлімшелер: 

1)       ИКҚК-ның әрбір жағдайын тергеп-тексеруді;

2)       «төменнен жоғарыға» қағидаты бойынша жоғары тұрған органға, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптау ұйымына хабарламаны ұсынуды;

3)       шұғыл хабарлама келіп түскен және (немесе) жүгінген күннен бастап алғашқы 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде ИКҚК жағдайымен байланысты бастапқы ақпаратты;

4)       шұғыл хабарлама келіп түскен және (немесе) жүгінген күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннің ішінде ИКҚК жағдайымен байланысты аралық ақпаратты;

5)    тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннің ішінде (ИКҚК жағдайын тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт) қамтамасыз етеді.

28.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1)       алынған мәліметтерді жинақтайды, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына ұлттық деңгейде ИКҚК бойынша ахуал туралы ақпараттық хабарлама дайындайды;

2)       ИКҚК-ны қадағалауды жүзеге асырады, өңірлерден ИКҚК жағдайлары туралы ақпаратты уақтылы және толық алмаған кезде қажетті шараларды қабылдайды.

29.  Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді фармакологиялық қадағалаудың халықаралық жүйесіне интеграциялай отырып, ИКҚК-ны мониторингілеуді жүзеге асырады.

30.  ИКҚК анықталған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) жұмыс істеу кезінде өңірдің аумақтық бөлімшелері мен денсаулық сақтау басқармаларының іс-қимылдары:

1)       БАҚ-пен жұмыс істеу үшін облыс, қала, аудан деңгейінде жауапты және құзыретті тұлғалар ресми түрде тағайындалады;

2)       иммундау мәселелеріне қатысты баспасөз өкілдері көтерген барлық сұрақтарға, оның ішінде ИКҚК бойынша сұрақтарға жауап беру қажет; 

3)       нақты жағдайды ұсыну қажет, алайда жағдайды тергеп-тексеру аяқталмайынша әдеттен тыс реакция немесе асқынулар туралы алдын ала қорытынды жасауға болмайды;

4)       баспасөз конференциясында тарату жоспарланған барлық ақпарат баспасөз өкілдеріне арналған пресс-релизге енгізілуі тиіс, ол алдын ала дайындалуы және мыналарды:

-            ИКҚК жағдайларының саны туралы толық ақпаратты;

-            ИКҚК жағдайларының тіркелуі жалғасып жатқаны туралы ақпаратты;

-            қабылданған немесе қабылдау жоспарланған әрекеттерді (мысалы, істерді тергеп-тексеру);

-            ИКҚК себептерін (егер олар бұрыннан анықталған болса және күдік тудырмаса);

-            ИКҚК-ның осыған ұқсас жағдайларын болдырмау үшін қабылданған немесе қабылдау жоспарланған әрекеттерді қамтуы тиіс.

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                       

 

                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

20__ жылғы «___ »_______________

№____ қаулысына                                                                                                                   2- қосымша

 

 

Профилактикалық екпені алған адамдар үшін екпеден кейінгі кезең бойынша ұсыным

 

           Алынған профилактикалық екпелер:

______________________________________________________________

(вакциналардың атауын көрсету)

Мүмкін болатын жанама әсерлер:

Белсенділігі жойылған вакциналармен вакцинациялаудан кейін  алғашқы 3  тәулікте қысқа мерзімді жалпы (қалтыраумен, дене температурасының жоғарылауымен, жалпы әлсіздікпен, бас ауруымен, шаршаумен сипатталатын тұмауға ұқсас қысқа синдром) және жергілікті реакциялар (ауырсыну, қызару, инъекция орнында ісіну) дамиды. Жүрек айнуы, диспепсия, тәбеттің төмендеуі, кейде аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, буындар мен бұлшықеттердің ауыруы сирек кездеседі.

Аллергиялық реакциялар, невралгия, неврологиялық бұзылулар дамуы мүмкін.

Бұл көріністер уақытша сипатта болады және көбінесе вакцинациядан кейінгі 3 күннің ішінде жазылып кетеді.

Вакцинация орны қызарған, ісінген, ауырған кезде антигистаминді құралдарын қабылдау, вакцинациядан кейін дене температурасы көтерілген кезде стероидты емес қабынуға қарсы құралдарды қабылдау ұсынылады.

Вакцинациядан кейінгі кезеңге қатысты туындаған мәселелер бойынша тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерге мына: _______________________ телефон арқылы жүгіну және қажет болған жағдайда (103 немесе ______________) жедел медициналық көмек шақыру ұсынылады.



 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

20__ жылғы «___» _____________

№___ қаулысына

3-қосымша

 

 

Егілуге тиіс контингенттерді АПВ-ға қарсы профилактикалық егулермен қамту туралы есеп және  иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді мониторингілеу

 

 

№

Өңірлер

14-17 жастағы қыздарды иммундау

бірінші доза

екінші доза

үшінші доза

егілуге жатады

егілді

%

ИКҚК

егілуге жатады

егілді

%

ИКҚК

егілуге жатады

егілді

%

ИКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

12.05.2026 18:13 Есентаева Ажар Ерлановна

13.05.2026 07:36 Ширинбекова Рита Абдукасымовна

13.05.2026 07:52 Кожапова Роза Абзаловна

13.05.2026 08:06 Тилесова Айгуль Шарапатовна

13.05.2026 09:05 Сейтмагамбетова Шаукиш Аманжоловна

Подписано

13.05.2026 11:57 Бейсенова Сархат Сагинтаевна

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/documents/details/1104735?lang=kk