Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жітіқара ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Жітіқара ауданының
әкімі А. Жаныспаев