2026 жылдың 27 қыркүйегіне тағайындалған Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Красный Кордон ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

                                                                                                              Алтынсарин ауданының аумақтық

                                                                                                   сайлау комиссиясының  

                                                                                                   2026  жылғы  19 тамызы

                                                                                                  № 10 қаулысына қосымша

2026 жылдың 27 қыркүйегіне тағайындалған Қостанай облысы Алтынсарин ауданының  Красный Кордон ауылы  әкімінің  сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  

күнтізбелік жоспары

1. Алтынсарин ауданының Красный Кордон  ауылы әкімінің  сайлауын  тағайындау  (бұдан әрі – әкімді)

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

2026 жылғы  19 тамыз

                                                         (113-1 б., 1 -т., 2 б.)

2. Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, Красный Кордон ауылының шекараларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

 2026 жылдың 29 тамызынан кешіктірілмей

 (22-б., 2-т.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылдың 29 тамызынан кешіктірілмей

 (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылдың 3 қыркүйегінен кешіктірілмей

 (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Алтынсарин ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2026 жылдың  3 қыркүйектен кешіктірілмей

 (23-б. 5-т.)

         6. Красный Кордон ауылы әкіміне кандидаттарын ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2026 жылдың 20 тамызынан бастап және 2026 жылдың  1 қыркүйегінде сағат 18.00 аяқталады

 (113-3., 5-т.)

7. Красный Кордон ауылы әкіміне кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

     Аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б.2 т., 113-2 б.)

8. Красный Кордон ауылы әкіміне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1т., 31-б.)

9. Красный Кордон ауылы әкіміне өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидатқа, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4 б.,3-т.)

10. Красный Кордон ауылы әкіміне кандидаттарды қолдау үшін  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу.

 

         

   Аумақтық  сайлау комиссиясы паспорттар мен жеке    

    куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның 

    жұмыскерлерін тарта отырып  

   Аумақтық  сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну      

    тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою  

     парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде

                                                                                                (113-4-б. 8-т.)  11. Красный Кордон ауылы әкіміне кандидаттардың құжаттарын Ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеріс жүргізу үшін жіберу

                 Аумақтық сайлау комиссиясы

                 Түскен барлық құжаттарды тіркеуге жіберілген 

                 сәттен бастап

                                                                               (113-5-б. 4-т.)

12. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2026 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б., 2-т.)

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (1 тамыз 2026 жылға)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б., 3-т.)

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б., 3-т.)

15. Красный Кордон ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2026 жылдың 20 тамызынан  басталады және 2026 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 18.00 аяқталады

 (113-5-б.,14-т.)

16. Красный Кордон ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды қамтамасыз ету

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық

сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 18.00 басталады және 2026 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 00.00. аяқталады

                                                                 (27-б. 2-т.)

19. Красный Кордон ауылы әкіміне кандидаттарына сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Алтынсарин ауданының әкімі

дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026  жылдың 6 қыркүйегі

 (24-б. 5-т.)

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2026 жылдың  12 қыркүйегінен бастап

 (26-б. 1-т.)

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026  жылдың 17 қыркүйегінен кешіктірілмей

(18-б. 5 т., 38-б. 2-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетендерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

2026 жылдың 24 қыркүйегінен бұрын емес және                       25 қыркүйегінен кешіктірілмей

 (37-б. 3-т.)

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 2026 жылдың 27 қыркүйегінде  жергілікті уақыт      бойынша  сағат  06:00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8 т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық  сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

29. Красный Кордон ауылы әкімінің сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірілмей

 (113-10 б. 1 т.)

30. Красный Кордон ауылы әкімінің сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026  жылдың 3 қазанынан кешіктірілмей

 (44-б. 4-т., 3-тт.)

31. Сайланған Красный Кордон ауылының әкімін тіркеу, тиісті куәлікті беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімді жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2026 жылдың  3 қазанынан кешіктірілмей.

(45-б., 46-б. 2-т, 113-11-б. 1-т)

     

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/documents/details/1055698?lang=kk