«Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту

«Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік-процесстік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған «Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
  2. «Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №332 Жаңақорған ауданы мәслихаты шешімінің күші жойылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

            Жаңақорған ауданы мәслихаты

            төрағасының м.у.а.                                            Ж.Амалбеков

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanakorgan/documents/details/1055689?lang=kk