ҚАУЛЫ
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы
Алтынсарин ауданының Красный Кордон ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Обаған ауылы № 52/10 19 тамыз 2026 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алтынсарин ауданының Красный Кордон ауылы әкімінің сайлауын 2026 жылдың 27 қыркүйегіне тағайындалсын.
- 2026 жылдың 27 қыркүйегіне тағайындалған Алтынсарин ауданының Красный Кордон ауылы әкімінің сайлауын өткізу және дайындығы бойынша негізгі іс -шараның Күнтізбелік жоспары бекітілсін, осы қаулының қосымшасымен.
- Осы қаулы «Таза бұлақ – Чистый родник» аудандық газетінде және Алтынсарин ауданының сайлау комиссиясының ресми интернет-парақшасында орналастырсын.
Алтынсарин ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы С. Тарасова