Мәслихаттың регламенті

Жаңақорған ауданы мәслихатының

Регламентін бекіту туралы

 

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентіне сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Жаңақорған ауданы мәслихатының Регламенті бекітілсін.
  2. «Жаңақорған ауданы мәслихатының Регламентін бекіту туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №337 Жаңақорған ауданы мәслихаты шешімінің күші жойылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Жаңақорған ауданы мәслихаты

             төрағасының м.у.а.                                       Ж.Амалбеков

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanakorgan/documents/details/1055669?lang=kk