ҚАУЛЫ
Әулиекөл ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы
Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі ,
Тимофеев ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Әулиекөл а. №19 2026 ж. 19 тамыз
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының 113-1 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі,Тимофеев ауылы әкімінің сайлауы 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі,Тимофеев ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Әулиекөл» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы А.Нуржанова