«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 11 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі бекітілсін:
- Ырғыз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №280 «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Г.Жансүгірова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- Ырғыз аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 15 қыркүйектегі №249 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Ж.Қайыров – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.
- Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 12 ақпандағы «Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» №307 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Әбдірахман - аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов
00336*