Қостанай облысы Қарасу ауданы
аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Қарасу ауданы Ильичев, Қарамырза және Қойбағар ауылдық округтерінің
әкімдерін сайлауды тағайындау туралы
Қарасу ауылы 2026 жылғы 19 тамыз
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданында 2026 жылғы 27 қыркүйекке сайлау тағайындалсын:
- Ильичев ауылдық округінің әкімі;
- Қарамырза ауылдық округінің әкімі;
- Қойбағар ауылдық округінің әкімі.
- 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Ильичев, Қарамырза және Қойбағар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қарасу ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ресми интернет-парақшасында және «Қарасу өңірі» аудандық газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы А. Едигенов
Комиссия хатшысы Б. Базарбаева