2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді.
Сайлау бюллетеньдері төрт түсте болады:
·Көгілдір – астананың, облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау үшін.
·Жасыл – астананың, облыстардың,және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау үшін.
Күлгін – облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау үшін.
Қызғылт сары – аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау үшін.