2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына, Премьер – Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тарифтері бекітілсін.

2. «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен тәртібі бойынша бекітілген бюджеттің аясында қызметтердің уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің бақылаушы орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сандықтау ауданының әкімі                                                                С. Құдабай

 

Сандықтау ауданы әкімдігінің

2026 жылғы ______________

№ ______

қаулысына қосымша

 

 

Бір көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді арналған

 

 

№

Мекеме түрлері

Айына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің бірлігінің құны, теңгемен


1.

Үйде қызмет көрсету жағдайында

47564,97

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/documents/details/1102851?lang=kk