Сандықтау ауданы әкімдігінің «2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы» Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң қаулысының жобасы (бұдан әрi-жоба) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына, Премьер – Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемелерін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес әзiрлендi.

Жария талқылауларды өткізу мерзімдері 2026 жылғы 19 қарашадан 7 желтоқсанға дейін

Жоба жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15947169

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/documents/details/1102845?lang=kk