Қазақстан Республикасы ТЖМ Ақмола облысы ТЖД
қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
2026 жылғы 10 қараша Көкшетау қ.
Қазақстан Республикасы ТЖМ Ақмола облысы ТЖД (бұдан әрі – Департамент) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Департаменттің «Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2026 жылғы 12 қазандағы № 182 бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі (бұдан әрі – Талдау) 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін талдау жүргізу үшін талданатын кезең 2025 жыл болып айқындалды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 Заңының 8-бабының (Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау) 1-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (сыртқы және ішкі) - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 Заңының 8-бабы (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау) 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Талдау жүргізудің үлгілік тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 Заңының 8-бабының 5-тармағы, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12).
Талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) Департаменттің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Департаменттің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу үшін жұмыс тобының құрамы бекітілді.
Жұмыс тобының жетекшісі:
Департамент бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.В. Чистяков.
Жұмыс тобының мүшелері:
мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е.С. Ғаббас;
кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М.А. Абрахматова;
азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры А.Т. Кульбаев;
өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Б. Қалиева;
қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы А.К. Киманова;
анықтау бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау аға лейтенанты Б.К. Жамбулов;
тылдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Р.Б. Жайлаубаева;
кадр және тәрбие жұмысы басқармасы өзіндік қауіпсіздік тобының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі А.У. Дюсенбаев.
ТАЛДАУ ОБЪЕКТІСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ
ЖИНАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Мемлекеттік мекеменің түрі: мемлекеттік мекеме.
Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Департамент қызметінің міндеттері:
1) Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
4) Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету;
6)өрттердің және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстардың алдын алу мен сөндіруді ұйымдастыру.
Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдары мен азаматтарынан қажетті ақпарат пен мәліметтерді сұратуға және алуға;
3) соттарда белгіленген тәртіппен департаменттің мүдделерін қорғауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік қызметті және атқарушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізуге, олардың себептерін белгілеуге, талдауға және бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
6) азаматтық қорғау мақсаттары үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалануға;
7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер жүргізу кезінде қаланы құлақтандыру жүйесін және азаматтық қорғау жөніндегі оқу-жаттығуларды іске қосуға өкім беруге;
8) іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі қауіп төндірген немесе азаматтық қорғау саласындағы төтенше жағдайлар мен бұзушылықтардың туындауына әкеп соққан лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
(«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің 2020 жылғы
3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»» Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 254 бұйрығы).
Департамент қызметкерлері мен қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін анықтау және жауапқа тарту туралы мәліметтер жоқ.
Департаменттің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі №480-V Заңы нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі нормаларды көздейді.
Нормативтік құқықтық актілер жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мақсаты сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
I. ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ
КАДРЛАРДЫҢ АУЫСУЫ
Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы (бұдан әрі – КжТЖБ) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің жалпы штат саны 1681 бірлікті құрайды, оның ішінде аттестатталған құрам – 1524 (401 – орта және жоғарғы басшы құрамы, 1123 – қатардағы және кіші басшы құрамы) 35 – мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, 122 – азаматтық қызметшілер.
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы жиынтық
118 бірлікті (7%) құрады
Қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу туралы ақпарат
2025 жылы 402 қызметкер аттестаттаудан өтті. 378 қызметкер аттестаттаудың барлық кезеңдерінен өтті, аттестаттау комиссиясының шешімдері қабылданды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне алу немесе жоғары тұрған лауазымға ұсыну үшін ұсынылады – 14 қызметкер;
2) атқаратын лауазымына сәйкес – 335 қызметкер;
3) қайта аттестаттауға жатады – 29 қызметкер;
4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады – 5 қызметкер.
24 қызметкер өтпеді (АҚО-дан босатылды, басқа лауазымға тағайындалды, басқа бөлімшелерден іссапарға жіберілді).
2025 жылы Ақмола облысы ТЖД қызметкерлеріне 175 тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде:
- қатардағы құрам-35;
- басшы – 140;
Бұзушылықтардың түрлері бойынша:
- ескерту-79;
- сөгіс-63;
- қатаң сөгіс – 21;
- толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту-5;
- қызметке шықпағаны үшін жұмыстан босату-3;
- теріс себептермен жұмыстан шығару-4.
Бұзушылықтардың сипаты бойынша:
- лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін-167;
- сабаққа келмегені үшін-2;
- ЖКО жасағаны үшін-1;
- Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін-1;
- ішімдік ішкені үшін-3;
- басқа бұзушылықтар -1.
Қызметкерлерге сыныптық біліктілік беру туралы ақпарат
Қызметкерлерге сыныптық біліктілік Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына сәйкес тоқсан сайын беріледі.
2025 жылдың кезеңінде Департаменттің 242 қызметкері тағайындалды және расталды, оның ішінде: «1 – сынып маманы – тәлімгер (шебер)» - 119 қызметкер;
«1-сынып маманы» - 67 қызметкерге;
«2-сынып маманы» - 56 қызметкер;
Департаменттің лауазымды тұлғалары тарапынан қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы анықталған жоқ.
Талданып отырған кезеңде кадр саясаты саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған жоқ.
Сонымен қатар, кадр қызметі қызметінің осы бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, атап айтқанда, қызметке (жұмысқа) қабылдау рәсімі кезінде болуы мүмкін. Қызметкерлерді аттестаттау кезінде, қызметкерлерді марапаттау кезінде.
Ұсыныстар:
1. Қызметкерлердің моральдық-іскерлік қасиеттерін мұқият зерттей отырып, тек меритократия қағидаттары бойынша басшылық лауазымдарға іріктеу жүргізу;
2. Белгіленген критерийлерге сәйкес келетін бірнеше қызметкер талап ететін белгілі бір лауазымға орналасу мәселесін қарау кезінде тиімділік пен бәсекеге қабілеттіліктің ең жоғары көрсеткіші бар қызметкерді тағайындау;
3. Ресми құжаттарды дайындауға байланысты лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде жұмыс тәжірибесі мен кәсіби құзыреттерінің болуына ерекше назар аудару қажет;
4. Лауазымдық міндеттерді орындау кезеңінде мінез-құлықтағы ауытқуларға бейімділікті анықтау үшін мезгіл-мезгіл психологиялық зерттеулер жүргізу (девиантты, азғындық, асоциалды және т.б.).
5. Сыйлықақы беру мәселесін, оның ішінде ұсынымдар мен арнайы құрылған комиссия негізінде жүзеге асыру.
6. Қызметкерлерді аттестаттау бейнежазбаға қатаң жазылады, тәуелсіз бақылаушының қатысуымен хаттама жүргізіледі.
II. Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын іске асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы (бұдан әрі – МӨББ) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2025 жылы Департаменттің есебінде мемлекеттік өрт бақылауына жататын
31 055 объект болды, оның ішінде 28 404 объект (91,5%) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатады, ал 2 651 объект (8,5%) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайды.
Объектілердің жалпы санынан 3 166-сы жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатады және мемлекеттік бақылауға жатады.
Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған (төмен тәуекел дәрежесі) объектілер саны – 27 889. Бұл объектілер азаматтық қорғау органдарының бастамасы бойынша мемлекеттік бақылауға жатпайды және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тек жоспардан тыс тәртіппен тексеріледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік инспектордың бақылаудағы объектілер тізбесінен объектіні жасыру және тиісінше мемлекеттік бақылау жүргізбеу арқылы субъектінің (объектінің) басшысымен заңсыз уағдаластыққа келуіне байланысты.
Бақылаудағы объектілерді есепке алу мәселелері бақылаушы мемлекеттік органның ішкі әкімшілендіру элементтері болып табылады және бақылау мен қадағалау саласындағы ұлттық заңнамамен (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен) реттелмейді, осыған байланысты объектілерді есепке алу тәртібін ішкі регламенттеуге басымдық берілген.
Қорытындылар: бақылаудағы объектілердің жалпы тізбесін қалыптастыруды бақылаудың бірыңғай базасы болмағандықтан, ТЖД тарапынан бақылауды жүзеге асыру мүмкін емес. Бақылау тек аумақтық бөлімшелерге бекітілген аумақты аралап, объектілерді санау арқылы жүргізіледі, алайда мұны толық көлемде орындау мүмкін емес.
Ұсынымдар: ТЖД аумақтық бөлімшелермен жаңадан пайдалануға берілген объектілер, жүзеге асырылатын қызмет, орналасқан жері, сипаттамалары, тіркеу деректері және т.б. туралы мемлекеттік органдарға (мысалы, жергілікті атқарушы органдарға) сұрау салулар жіберу арқылы бақылауды қамтамасыз етсін.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезіндегі тәуекелдер
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 686-бабына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы (өрт қауіпсіздігі саласындағы) уәкілетті орган ҚР ӘҚБтК-нің 336, 359, 367, 410, 410-1, 411, 438 (бірінші бөлігі), 589-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2025 жылдың 12 айында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 926 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, салынған айыппұлдардың сомасы 15 млн 344 мың 630 теңгені құрады. 2024 жылмен салыстырғанда жауаптылыққа тартылған адамдар саны 15%-ға азайған (2024 ж. – 1 090), ал салынған айыппұлдар сомасы 84,1%-ға ұлғайған (2024 ж. – 8 млн 334 мың 690 теңге).
Салынған ақшалай айыппұлдардың жалпы өндіріп алыну деңгейі 98,7%-ды құрайды, атап айтқанда, 14 млн 7 мың 750 теңге сомасына 301 айыппұл өндіріп алынды.
2025 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша соттарға 163 әкімшілік материал жолданды, оның ішінде 117 материал бойынша жалпы сомасы 68 млн 209 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салу туралы қаулылар шығарылды.
Жоғарыда көрсетілген баптардың санкцияларында әкімшілік айыппұлдардың нақты мөлшерлері (әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткішпен) белгіленген. Ескерту түріндегі балама көзделген жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 43-бабына сәйкес, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ескерту жасауға міндетті.
Сонымен қатар, әкімшілік хаттамаларды Департаменттің аумақтық бөлімшелері жасайды, осыған байланысты әкімшілік жауаптылыққа тартпау түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
Ұсынымдар: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ТЖД әкімшілік іс жүргізу барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс нормаларының мүлтіксіз сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу кезіндегі тәуекелдер
2025 жылы өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен 1 783 тексеру жүргізді, оның ішінде 710-ы (39,82%) профилактикалық бақылау мен қадағалау, ал 1 073-і (60,18%) жоспардан тыс тексеру түрінде өткізілді. Жүргізілген тексерулер санының көрсеткіші 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,4%-ға төмендеді (2024 ж. – 1 298).
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 қаңтарға дейін Департамент Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңының 38-1-бабына сәйкес жедел ден қою шараларымен 716 объектінің қызметін тоқтатты, оның ішінде 121 объектінің қызметі қайта тоқтатылды.
Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік инспектордың объект басшысымен заңсыз уағдаластыққа келуіне, тексеру барысында анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды және жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын бұзушылықтарды жасыру мақсатында сөз байласуына байланысты.
Айта кету қажет, жедел ден қою шаралары – қоғамдық қауіпті салдарлардың туындауының алдын алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) ықпал ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша қолданылатын, қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін кейіннен тоқтата тұруға әкеп соғатын шаралар.
Қорытындылар: бақылаудағы объектілердің өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтауына бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспектор бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекеліне көбірек ұшырайды. Бақылау функцияларын жүзеге асыру кезеңінде инспекторлар құрамының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған фактісін анықтау мүмкін емес.
Ұсынымдар: профилактикалық бақылаудың бүкіл процесін тіркеуге, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға, инспекторлардың қызметін бақылауға, сондай-ақ бақылау субъектілері тарапынан олардың заңсыз әрекеттер жасады деген негізсіз айыптаулардан қорғауға мүмкіндік беру үшін Департаменттің инспекторлар құрамын портативті кеудеге тағылатын бейнетіркегіштермен 100% қамтамасыз ету мәселесін қарастыру қажет.
Азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру және өрттердің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезіндегі тәуекелдер
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою туралы нұсқама жасайды.
Бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы жөніндегі ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде субъектінің атына нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты ұсыну қажеттігі жөнінде сұрау салу жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы жөніндегі ақпарат ұсынылмаған немесе бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
Бұл ретте бақылау субъектісінен барлық бұзушылықтардың жойылғаны туралы «жалған» ақпарат алынған жағдайда, жоспардан тыс бақылау тексеруін тіркеу мүмкін болмайды (нұсқаманың орындалуын бақылаудан жалтару мүмкіндігі туындайды).
Тексерулерді тағайындау, тіркеу және жүргізу аумақтық бөлімшелермен жүзеге асырылады. Бұл ретте қандай да бір тұлғалардың мүдделерін қолдау, өрт қауіпсіздігі бағыты бойынша аса маңызды (күрделі) объектілерді тексеру кезінде мүдделерді ілгерілету және тексеру нәтижелеріне ықпал ету түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін.
Ұсынымдар: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ТЖД профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде Кәсіпкерлік кодексі талаптарының мүлтіксіз сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Бұзушылықтарды жою мерзімдерін белгілеу және оларды ұзарту кезіндегі тәуекелдер
Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелерін ресімдеу кезінде мемлекеттік инспектор нұсқама береді. Нұсқаманы алғаннан кейін бақылау субъектісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабы 7-тармағына сәйкес қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы өзіне тапсырған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылықтарды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына жүгінуге құқылы» деген нормаға сәйкес, қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындарының қажеттілігіне байланысты нұсқаманы орындау мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті мемлекеттік бақылау және қадағалау органына жолдайды.
Қорытындылар: бұл ретте жоғарыда көрсетілген норма бақылау субъектісіне растайтын материалдарды ұсынбауға мүмкіндік беретінін, ал мемлекеттік бақылау және қадағалау органында ұсынылған ақпараттың анықтығына көз жеткізудің нақты мүмкіндігі жоқ екенін атап өткен жөн.
Ұсынымдар: қолданыстағы заңнамада нұсқамаларда көрсетілетін бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін белгілейтін нормалар жоқ. Тиісінше, мемлекеттік органның басшысы нұсқаманы ұзарту мерзімдерін өз қалауы бойынша айқындайды (мысалы: бір ұйымға – 1 ай, екіншісіне – 2 ай).
III. Анықтау бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Анықтау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында өрттерге байланысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру кезінде лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін іске асыру бөлігінде Бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін әлеуетті факторлардың бірі нормативтік құқықтық актілерде лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін айқындау кезінде «құқылы» және «мүмкін» деген тұжырымдардың қолданылуы болып табылады. Жекелеген жағдайларда мұндай тұжырымдар құқықтық нормаларды әртүрлі түсіндіруге жол беріп, құқық қолданушыға шешім қабылдау шарттары мен өлшемшарттары жеткілікті дәрежеде нақтыланбаған жағдайда өз қалауы бойынша шешім қабылдау мүмкіндігін береді.
Бұл ретте дискрециялық өкілеттіктердің болуы өздігінен сыбайлас жемқорлықтың бар екенін білдірмейді. Сонымен қатар шешім қабылдаудың нақты өлшемшарттарының, тиісті негіздеменің және осындай өкілеттіктерді іске асыруға тиімді бақылаудың болмауы оларды жеке мүддесінде, оның ішінде заңсыз сыйақы алу немесе қылмыстық процеске қатысушылардың жекелегеніне заңсыз артықшылық беру мақсатында пайдалану үшін алғышарттар туындатуы мүмкін.
Қылмыстық процестің заңдылық және объективтілік қағидаттарына сәйкес лауазымды тұлғалардың өкілеттіктері заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте іске асырылуға тиіс. Заңда көзделген негіздер болған кезде процестік шешімдер тиісті норманың сипатын, нақты істің мән-жайларын және белгіленген процестік талаптарды ескере отырып қабылдануы қажет.
Мысал ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 128-бабының 2-тармағын келтіруге болады. Аталған нормаға сәйкес қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамды заңда көзделген негіздердің бірі болған кезде «ұстауға құқылы».
«Құқылы» деген тұжырымды қолдану ұстау туралы шешім қабылдау кезінде белгілі бір дәрежеде өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін көздейді. Сонымен қатар заңда көзделген негіздердің болуы лауазымды тұлғадан іс мән-жайларын жан-жақты бағалауды және адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып, заңды, негізделген әрі уәжді шешім қабылдауды талап етеді.
Сонымен бірге аталған тұжырым заңда көрсетілген негіздердің бірі болған жағдайда адамды міндетті түрде ұстау қажеттілігін білдірмейді, өйткені шешім қылмыстық-процестік заңнаманың талаптары мен мән-жайлардың жиынтығын ескере отырып қабылдануға тиіс. Алайда тиісті өкілеттікті іске асыру өлшемшарттарының жеткілікті дәрежеде нақтыланбауы норманы әркелкі қолдану және лауазымды тұлғаның негізсіз өз қалауынша әрекет ету тәуекелін туындатуы мүмкін.
Осындай мәселе ҚПК-нің 218-бабының 1-тармағын талдау кезінде де туындайды. Аталған норма жауаптарында елеулі қайшылықтар болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға бұрын жауап алынған екі адамның арасында беттестіру жүргізу құқығын көздейді.
Бұл жағдайда заңнамада жауаптардағы елеулі қайшылықтардың себептерін анықтау қажеттілігі туындаған кезде беттестіру жүргізілуі мүмкін шарттар айқындалған. Сонымен қатар «жүргізуге құқылы» деген тұжырым осы тергеу әрекетін жүргізу қажеттілігі туралы мәселені сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өз қалауы бойынша шешуіне мүмкіндік береді.
Бұл ретте беттестіру жүргізу немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім нақты қылмыстық істің мән-жайларына, тергеп-тексеру үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау қажеттілігіне және ҚПК талаптарына негізделуге тиіс. Мұндай шешімдерді қабылдаудың нақты өлшемшарттарының болмауы тергеу әрекетін жүргізуден негізсіз бас тарту не оны қылмыстық процеске қатысушылардың жекелегенінің мүддесі үшін жүргізу алғышарттарын туындатуы мүмкін.
Осылайша, анықталған мәселе «құқылы» және «мүмкін» деген терминдерді қолданудың өзінде емес, лауазымды тұлғалардың процестік өкілеттіктерді іске асыруы кезінде құқықтық айқындықты қамтамасыз ету қажеттілігінде болып табылады. Заң шығарушы нақты істің мән-жайларын ескере отырып таңдау құқығын беретін жағдайлар мен заңда белгіленген шарттар болған кезде лауазымды тұлға белгілі бір процестік әрекеттерді жасауға міндетті болатын жағдайларды нақты ажыратудың маңызы зор.
3. Қорытындылар
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалардың кең ауқымды өз қалауы бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін тұжырымдар қамтылған қылмыстық-процестік заңнаманың жекелеген ережелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің әлеуетті факторлары ретінде қарастырылуы мүмкін екені анықталды.
Процестік шешімдерді қабылдаудың нақты өлшемшарттары және олардың негізділігіне тиісті бақылау болмаған жағдайда заңнама нормаларын әртүрлі қолдану, тергеп-тексеруді негізсіз созу, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуден бас тарту не жекелеген тұлғалардың мүддесі үшін шешімдер қабылдау ықтималдығы бар.
Сонымен бірге анықталған мән-жайлар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауының әлеуетті мүмкіндігін көрсетеді және өздігінен Бөлім қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілерінің бар екенін білдірмейді.
4. Ұсынымдар
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында:
1.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қылмыстық қудалау органдарының лауазымды тұлғаларының процестік өкілеттіктерін іске асыруды реттейтін ҚПК-нің жекелеген ережелерін жетілдіру мәселесін қарау жөнінде ұсыныстар енгізу.
2.Ұсыныстарды әзірлеу барысында күдіктілерді ұстау және беттестіру жүргізу кезінде процестік шешімдер қабылдаудың өлшемшарттары мен шарттарын айқындау бөлігінде ҚПК-нің жекелеген баптарының тұжырымдарын нақтылау орындылығын қарастыру.
3.Бөлім қызметкерлерінің процестік шешімдерді қабылдауының заңдылығына, негізділігіне және уақтылылығына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету, тиісті негіздер болған кезде тергеу әрекеттерін жүргізуден бас тарту жағдайларына ерекше назар аудару.
4.Бөлім қызметкерлерімен қылмыстық-процестік заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддесінде пайдалануға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.
Аталған ұсынымдарды іске асыру сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру кезінде құқықтық айқындықты арттыруға, қылмыстық-процестік заңнама нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге және Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді.
IV. Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Азаматтық қорғаныс басқармасы (бұдан әрі – АҚБ) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. АҚБ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Департаменттің «Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2026 жылғы 12 қазандағы № 182 бұйрығы негізінде жүргізілді.
АҚБ қызметі Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдарымен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен, сондай-ақ өзге де заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Жүргізілген ішкі талдау АҚБ қызметінде мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін көрсетті:
1) Қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін шағын көлемді кемелерді ұстау, сондай-ақ кемелердің қозғалысын тоқтата тұру немесе оған тыйым салу жөніндегі өкілеттіктер сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай туғызады.
Қолданыстағы заңнамада кемені ұстау немесе оның қозғалысына тыйым салу туралы шешім қабылдаудың нақты өлшемшарттары мен ашық рәсімі жеткілікті айқындалмаған. Сонымен қатар ұсталған шағын көлемді кемелерді сақтау және қайтару тәртібі мен мерзімдері регламенттелмеген.
Осыған байланысты нақты құқықтық шектеулердің болмауы және лауазымды тұлғалардың шешім қабылдау кезіндегі кең дискрециялық өкілеттіктері бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында субъективті шешімдер қабылдауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттар жасайды. Іс жүзінде инспекторлар анықталған бұзушылықтардың қауіптілік дәрежесін өз бетінше бағалап, объективті көрсеткіштерді тіркеместен кемені пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
2) Азаматтық қорғаныс саласындағы тексерулер нәтижелерін ресімдеу кезінде құқықтық регламенттеудің жеткіліксіздігі субъективті көзқарастың орын алуына ықпал етеді.
Қолданыстағы заңнамада тексерулердің қорытындысы бойынша берілетін нұсқамаларда көрсетілетін бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін белгілейтін, сондай-ақ оларды келісу тәртібін регламенттейтін нормалар жоқ.
Осы жағдайлар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттар жасайды. Іс жүзінде азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік инспекторлар бұзушылықтардың түріне қарамастан, оларды жою үшін бірыңғай мерзімдер белгілейді. АҚБ тарапынан мұндай мерзімдер ауа райы жағдайлары мен тексерілетін субъектілерге дейінгі қашықтықты ескере отырып белгіленеді.
Мысалы, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Аршалы ауданының бақылаудағы объектілеріне қатысты профилактикалық бақылау жүргізіліп, аудан әкімінің аппараты мен ауданның азаматтық қорғау қызметі тексерумен қамтылды. Тексеру нәтижесінде аудан әкімдігінің қызметінде 35 бұзушылық, оның ішінде бюджет қаражатын бөлуді талап ететін бұзушылықтар анықталды. Ал азаматтық қорғау қызметінде бюджет қаражатын бөлуді талап етпейтін бір елеусіз бұзушылық анықталды.
Тексерілетін субъектілердің бір аудан орталығында орналасуы, олардың қашықтығы мен ауа райы жағдайларын ескере отырып, АҚБ тарапынан жазғы кезеңде бұзушылықтарды жою үшін бірыңғай мерзім белгіленеді.
3) Нұсқаманы орындау мерзімін ұзарту кезінде нақты мерзімдердің белгіленбеуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 7-тармағына сәйкес, қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі профилактикалық бақылау немесе тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама тапсырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы өтінішпен бақылау және қадағалау органына жүгінуге құқылы.
Осыған байланысты бақылау субъектілері қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындардың қажеттілігіне байланысты нұсқаманы орындау мерзімін ұзарту туралы өтініштерді мемлекеттік бақылау және қадағалау органына жолдайды.
Алайда қолданыстағы заңнамада бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзартудың нақты шектері мен өлшемшарттары белгіленбеген. Нәтижесінде мемлекеттік органның басшысы мерзімді ұзарту туралы шешімді өз қалауы бойынша қабылдауы мүмкін. Мысалы, бір ұйымға нұсқаманы орындау мерзімі 3 жылға, ал екінші ұйымға 10 жылға ұзартылуы ықтимал.
Мұндай жағдайлар шешім қабылдау кезінде субъективті көзқарастың орын алуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жағдай жасайды.
4) Азаматтық қорғау саласындағы мамандарды оқыту нәтижелері бойынша қорытынды тестілеуді өткізу кезінде ашық бақылау тетіктерінің жеткіліксіздігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қорғау саласындағы халық пен мамандарды хабардар ету, білімді насихаттау, оқыту қағидаларының» 4-қосымшасына сәйкес АҚБ қызметкерлері Департамент базасында осы қосымшада белгіленген санаттағы тұлғаларды оқытуды жүргізеді.
Оқыту қорытындысы бойынша қорытынды тестілеуге жіберілмеген немесе тестілеу нәтижесінде білім деңгейі қанағаттанарлықсыз деп танылған тыңдаушыларға сертификаттар берілмейді.
Сонымен қатар қолданыстағы заңнамада тестілеу рәсімін бақылаудың ашық тетіктері, оның ішінде бейнежазба жүргізу, нәтижелерді автоматтандырылған және тәуелсіз есепке алу, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағымдану мен қайта тапсыру тәртібі жеткілікті деңгейде регламенттелмеген.
Осы жағдайлар білімін растай алмаған тыңдаушылардың нақты білімін тексермей сертификат алуға қол жеткізу мақсатында АҚБ лауазымды тұлғаларын заңсыз әрекеттерге итермелеуіне алғышарттар туғызуы мүмкін.
5) Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабын қолдану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.
Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабын қолданады.
Аталған салада лауазымды тұлғалардың құқық бұзушыны өз қалауы бойынша жауаптылықтан босатуы, оқиға орнында өзара келісімге келуі, ауызша ескертумен шектелуі немесе заңнамада көзделген жауаптылыққа тартпау мүмкіндігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметінде жедел түрде жоюды талап ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жиынтығы анықталды. Оларға шағын көлемді кемелерді ұстау кезіндегі құқықтық олқылықтар, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 412-бабын қолдану кезінде субъективті көзқарас пен «оқиға орнында келісімге келу» тәуекелдері, тексеру нәтижелері бойынша берілетін нұсқамаларды орындау және олардың мерзімдерін ұзарту кезінде нақты мерзімдердің болмауы, сондай-ақ мамандарды қорытынды тестілеу рәсімдерінің жеткілікті деңгейде ашық болмауы жатады.
Аталған жағдайлар лауазымды тұлғалардың шешім қабылдау кезіндегі шамадан тыс еркіндігіне жағдай жасап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттілігін туындатады.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында өзіне жүктелген функцияларды орындау кезінде заңдылықты, ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені жүзеге асырылады.
Басқарма қызметкерлерімен тұрақты негізде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет, қызметтік тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын зерделеу жүргізіледі. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, лауазымдық өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген рәсімдердің сақталуы, анықталған бұзушылықтарды бағалаудың объективтілігі, қорытындылар мен қабылданатын шешімдердің негізділігі қамтамасыз етіледі. Бақыланатын субъектілерге негізсіз талаптар қоюға, жасанды кедергілер жасауға, сондай-ақ жекелеген жеке және заңды тұлғаларға артықшылықтар беруге жол берілмейді.
V. Қаржылық қамтамасыз ету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (бұдан әрі - ҚҚЕБ) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын тексеру кезінде бұзушылықтарды анықтау фактілерінің болуы, ден қою шараларының уақтылы және толық қабылдануы.
Мәселен, 2025 жылға арналған республикалық бюджетті қаржыландыру жоспарында 11 570 597,9 мың теңге сомасында ақшалай қаражат көзделген, 11 482 508,22 мың теңге сомасында игерілген, бұл 99,24% -. құрады. Игерудің төмен деңгейінің себебі: құрылыс бойынша орындалған жұмыстардың актілерін кеш ұсынумен.
Мәселен, 2025 жылға арналған жергілікті бюджетті қаржыландыру жоспарында 1 299 094,5 мың теңге сомасында ақшалай қаражат көзделген, 1 289 572,86 мың теңге сомасында игерілген, бұл 99,27% -. құрады. Игерудің төмен деңгейінің себебі: шарттың мерзімінен бұрын жабылуы нәтижесінде 8 800,0 мың теңге сомасы игерілмеді («Қазавиақұтқару» АҚ көлік қызметтеріне ақы төлеу).
2025 жылдың есепті кезеңінде Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
2026 жылғы ақпан айында Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын кезеңдегі баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептерден, қаржыландыру көздері бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есептерден, таза активтер/капиталдағы өзгерістер туралы есептерден және тиісті есептерден тұратын КММ қоса берілген қаржылық есептілігіне қарсы аудит (тексеру) жүргізді қорлар, активтер, дебиторлық және кредиторлық берешектер.
Тексеру барысында 299 999,0 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, «Модульдік ангарды дайындау және монтаждау жөніндегі қызметтер кешені» күрделі сипаттағы жөндеу жүргізу бойынша ғимараттың баланстық құнын жалпы сомасы 299 999,0 мың теңгеге ұлғайтуға жатқызылған жоқ.
2025 жылдың шілде айында ҚР ТЖМ қаржы операцияларының ішкі аудит басқармасы аудиторлық іс-шара өткізді, бюджет қаражатын қамтудың жалпы сомасы 7 455 876,1 мың теңгені құрады. Іссапар шығындарын өтеуге 184,08 мың теңге сомасына өтелуге жататын қаржылық бұзушылықтар.
2025 жылдың шілде айында Көкшетау қаласының прокуратурасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Азаматтық қорғау туралы», еңбек қатынастары туралы және 2024 жылғы және А.Ж. өткен кезеңдегі этикалық нормаларды сақтау туралы Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізді, бұл басқарма қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол берді. Демалысқа сауықтыру үшін жәрдемақы төлеу кезінде уақтылы төлемеу фактілері болған. Жоғарыда аталған бұзушылықтар демалыс кестесі мен қаржыландыру жоспарын құрудағы ресми тәсілді көрсетеді.
Оларды жою бойынша ұсыныстар.
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген нормалар мен тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларды жою жөнінде шаралар қабылданды-1С-бухгалтерия бағдарламасында
(2026 жылғы 01 қаңтардағы №002000021 ұзақ мерзімді активтердің түсімі) өткізулердің сәйкестігіне келтірілді.
2. Қызметкерлердің демалыс немесе мереке күндерінің 1-ші күнінде демалысқа шығуына байланысты жәрдемақыны алдын-ала төлеуге мүмкіндік болмады, өйткені бұл қызметкерлердің ақшасы нақты демалыс айында жоспарланған, осыған байланысты төлем келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Демалыстың басталуынан кешірек демалысқа бұйрықтардың шығу фактілері болды.
VI. Тылдағы қамтамасыз ету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Тылдық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - ТҚЕБ) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша функцияларға ТҚЕБ берілген. Тылдық қамтамасыз ету Ақмола облысы ТЖД бастығы бекіткен Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес сатып алуды жүзеге асырады.
Өз жұмысында ТҚЕБ енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 01 шілдедегі № 106-VIII Заңын (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 09 қазандағы № 687 бұйрығын (бұдан әрі –қағидалар) басшылыққа алады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдерді жүргізу үшін ақпарат жинау, атап айтқанда облыс Департаментінің бөлімшелерінен өтінімдердің түсуі, техникалық ерекшеліктер мен баға ұсыныстарын үш данада тексеру жүргізіледі. Бағаларды талдау бүкіл Қазақстан бойынша сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығында жүргізіледі. Техникалық сипаттаманы Тапсырыс берушінің өзі, нақты жеткізушінің қатысуынсыз жасайды.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу Тауарларға жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге бөлінген сома негізінде жүргізіледі. Жеткізушіні таңдаудың шешуші шарты-баға. Мемлекеттік сатып алу Веб-порталы автоматты түрде қорытындылайды. Ашық конкурс рәсімдерін өткізу кезінде бұйрықпен конкурстық құжаттама, Конкурстық комиссия және хатшы бекітіледі. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және кемінде үш адам болуға тиіс.
Барлық шарттар заңнамада белгіленген мерзімде жасалды, шарттардың орындалуы мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес қатаң бақыланды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқарту мақсатында тікелей қорытынды жолымен бір көзден сатып алу Төтенше жағдайлар кезінде ғана жүргізіледі. Сатып алудың негізгі бөлігі Заңға сәйкес сатып алудың басқа тәсілдерімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алулардағы камералдық бақылау тұрақты негізде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мониторингін жүргізеді.
Тапсырыс беруші тарапынан шарттық міндеттемелердің бұзылуы белгіленбеген, алайда Өнім берушілер тарапынан шарттық міндеттемелердің бұзылуы, мысалы: тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдерінің кешіктірілуі.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнім берушілер тарапынан шарттық міндеттемелерді бұзу фактісі бойынша материалдар мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне тану және енгізу үшін уақтылы сотқа берілді.
Осылайша, мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкес жүзеге асырылады деген тұжырым жасалады.
Республикалық бюджеттен 2025 жылы Департаментті қамтамасыз етуге және жарақтандыруға жалпы сома - 3 млрд 130 млн. 015 мың теңге бөлінді, қабылданған міндеттемелер сомасы - 3 млрд. 049 млн. 243 мың теңгені құрады (міндеттемелер бойынша 100% игерілді, оның ішінде 80 334,8 мың теңге үнемделді), оның ішінде:
- ЖЖМ сатып алуға 342 432,0 мың теңге бөлінді, 100% игерілді;
- су-құтқару станцияларын салуға 191 645,0 мың теңге бөлінді, жалпы сомасы 111 310 мың теңгеге міндеттемелер қабылданды (үнемдеу 80 334,8 мың теңгені құрады);
- көлік құралдарын сатып алуға -1 685 823,3 мың теңге бөлінді, 100% игерілді;
- жабдықтарды сатып алуға 145 552,1 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
Жергілікті бюджеттен Департаментті қамтамасыз етуге және жарақтандыруға жалпы сома – 1 млрд. 299 млн. 094 мың теңгені, қабылданған міндеттемелер сомасы - 1 млрд. 290 млн. 024 мың теңгені (99,3%) құрады, оның ішінде:
- Көлік құралдарын сатып алуға 307 236,2 мың теңге бөлінді, 100% игерілді;
- жабдықтарды сатып алуға – 483 353,2 мың теңге бөлінді, 100% игерілді;
Көлік қызметтеріне ақы төлеу (ұшу) 35 421,1 мың теңге бөлінді, міндеттемелер барлық сомаға қабылданды, бірақ жыл соңында жұмыс көлемінің азаюына байланысты шарт сомасын азайтуға қосымша келісім жасалды.
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жоспардың 875 тармағы бойынша сатып алу жүзеге асырылды, олар бойынша 573 шарт жасалды, оның ішінде тәсілмен:
- 35 ашық конкурс;
- 4 рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс
- баға ұсыныстарын сұрату арқылы 381 позиция;
- өтпегендер бойынша бір көзден 229 позиция;
- Электрондық дүкен арқылы 32 позиция;
- тікелей қорытынды арқылы бір көзден 194 позиция.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсіміне заңсыз араласу, сондай-ақ жекелеген жеке және заңды тұлғаларға артықшылық беру фактілері анықталған жоқ.
Талданып отырған кезеңде мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған жоқ.
Осылайша, қызметтің осы бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұсыныстар:
1. Техникалық ерекшеліктердің ТЖҚ БНАЖ таңдалған кодына сәйкестігін тексеруді көздеу және сатып алу нысанасына сәйкес келмейтін немесе сәйкес келмейтін талаптарды қамтитын техникалық ерекшеліктерді орналастыру мүмкіндігін болдырмау.
2. Мемлекеттік сатып алу порталында пайдалану мүмкіндігімен сатып алудың неғұрлым кең таралған пәндері бойынша техникалық ерекшеліктердің үлгілік шаблондарын әзірлеу. Сондай-ақ Тапсырыс берушінің Мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды жарияламас бұрын техникалық ерекшелікті Автоматты тексеруден өтуін міндетті Растауды көздеу.
3. Шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында шарттардың орындалу мерзімдерінің мониторингі бөлігінде мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалын пысықтау мүмкіндігін қарау туралы ұсыныстар енгізу.
Атап айтқанда, келесі мүмкіндіктерді іске асыру ұсынылады:
1. Өнім берушінің міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталғанға дейін қалған күндердің нақты санын көрсете отырып, шарттардың орындалу мерзімдерін автоматты түрде қадағалау.
2. Өнім берушінің әрбір міндеттемесі бойынша мерзімі өткен күнтізбелік күндер санын көрсете отырып, мерзімі өткен шарттарды автоматты түрде анықтау.
3. Тапсырыс берушіге Өнім беруші белгіленген орындау мерзімдерін бұзған барлық шарттар туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік беретін "мерзімі өткен міндеттемелері бар шарттар" жеке бөлімін (сүзгісін) енгізу.
VII. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау
функцияларын жүзеге асыру кезінде ұйымдық-басқару қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі – ӨҚБ) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
ӨҚБ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында реттеу, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады (бұдан әрі – реттелетін салалар).
Ішкі талдау жүргізудің негіздемесі:
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы 12 қазандағы «Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлы тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтар мен заңнаманың өзге де бұзушылықтарын жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою мақсатында жүргізілді.
Талдау жүргізу кезеңі:
2026 жылғы 13 қазаннан 31 қазанға дейін.
Ішкі талдау объектісі қызметінің талданатын кезеңі:
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.
Қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер:
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеге сәйкес Басқарма жүзеге асыратын функциялар жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет:
Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша:
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Басқарманың штаттық саны 15 адамды, нақты саны 4 адамды құрады. Бос лауазымдар саны – 11, оның ішінде С-О-3 санатындағы басқарма бастығы – 1 бірлік, С-О-4 санатындағы бөлім бастығы – 3 бірлік, С-О-5 санатындағы бас маман – 7 бірлік.
2025 жылы тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркелмеген. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:
Мемлекеттік лауазымдарды атқару кезінде жақын туыстардың (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің, аталарының, әжелерінің, немерелерінің) немесе жұбайының (зайыбының) тікелей бағыныстылығына байланысты үлестестік және мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқарма мемлекеттік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді.
2025 жылдың 12 айында Басқарма тарапынан барлығы 627 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамаларын қарау бойынша – 188 өтініш, оның ішінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты келісуден бас тартылғаны – 47.
Жарылыс жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсат беру бойынша – 99 өтініш қаралып, тиісті рұқсаттар дайындалды, оның ішінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылғаны – 12.
Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша – 247 қауіпті техникалық құрылғы қаралды, оның ішінде дәлелді бас тартулар саны – 154.
«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру» мемлекеттік қызметі бойынша – 93 қызмет көрсетілді, бас тартулар – 0.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат ай сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне және Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру бойынша:
2025 жылдың 12 айында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы барлығы 34 профилактикалық бақылау және қадағалау іс-шарасын жүргізді (2024 жылы – 54, бастапқы мәлімет бойынша 163%-ға азайған).
Мамандар санының жеткіліксіз болуына байланысты тексеру іс-шараларын толық көлемде және белгіленген мерзімдерде жүргізу мүмкіндігі шектелген, бұл бақылаудың сапасы мен уақтылы жүзеге асырылуына әсер етті.
Анықталған бұзушылықтар саны – 386 (2024 жылы – 795, 51,4%-ға төмендеген).
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорындар жасырған оқыс оқиғалар мен жазатайым оқиғалар анықталады. Алайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға тыйым салынуына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі шектеледі.
2027 жылға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған жоспарлы тексерулерге енгізілетін субъектілердің (объектілердің) тізімі дайындалды. Тізімге барлығы 47 субъект (объект) енгізілді.
Жүргізілген жоспардан тыс тексерулер саны – 12 (2024 жылы – 21, 42,8%-ға азайған), оның ішінде:
- жеке және заңды тұлғалардың заңнама талаптарының бұзылуы туралы өтініштері бойынша – 10;
- прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша – 1;
- мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша – 1.
Жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша Басқарманың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы 10 хаттама жасады (2024 жылы – 9, 11,1%-ға ұлғайған).
Жедел ден қою шараларын қолдану нәтижесінде 2 объектінің қызметі тоқтатылды.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою жөніндегі ұсынымдар:
Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша Басқарманың қызметі жалпы алғанда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды.
Сонымен қатар Басқарма қызметін одан әрі жетілдіру және ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында профилактикалық назар аударуды қажет ететін мынадай бағыттар айқындалды:
1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында.
Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды бағалауға және оларды жою мерзімдерін белгілеуге қатысты әртүрлі тәсілдерді қолдануға байланысты тәуекелдердің туындау ықтималдығы жоққа шығарылмайды.
Ұсыным: Тексерулер жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу барысында заңнама талаптарын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге берілген өтініштерді қарау кезінде нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын әртүрлі түсіндіруге байланысты тәуекелдердің туындауы мүмкін.
Ұсыным: Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет саласында.
Басқарманың штаттық саны толық жасақталмаған жағдайда жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге түсетін қызметтік жүктеменің артуы мүмкін, бұл жұмыс процестерін ұйымдастыруға қосымша назар аударуды талап етеді.
Ұсыным: Қызметтік жүктемені ұтымды бөлу және ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу саласында.
Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары туралы хабардар болу деңгейін тиісті дәрежеде қамтамасыз ету қажет.
Ұсыным: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелесулер, нұсқамалар мен түсіндіру іс-шараларын өткізуді жалғастыру.
Қорытынды:
Жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары фактілері анықталған жоқ.
Ұсынылған ұсынымдар профилактикалық сипатқа ие және Басқарма қызметін одан әрі жетілдіруге, қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды қорытындылай келе ұсынылады:
1) Жұмыс тобы анықтаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Комитетке анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жұмыс тобы ұсынған ұсынымдармен талдамалық анықтама жіберілсін.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тартуға жол бермеу жөнінде шаралар кешенін қабылдауға, Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бұзылған жағдайда Орындаушының тікелей басшысын жауапқа тарту жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
3) Тексеру жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде тұрақты негізде нұсқама жүргізуге міндетті.
4) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысты күшейту (тұрақты).
Жұмыс тобының жетекшісі:
Бастықтың бірінші орынбасары
азаматтық қорғау полковнигі А. Чистяков
Жұмыс тобының мүшелері:
МӨББ бастығы
азаматтық қорғау полковнигі Е. Ғаббас
Қжәне ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі М. Абрахматова
АҚБ бастығының м. а.
майоры А. Кульбаев
ҚПБ басшысының м.а. А. Калиева
ҚҚЕБ басшысы А. Киманова
АБ бастығының м. а.
азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Жамбылов
ТҚЕБ басшысы Р. Жайлаубаева
КжТЖБ ӨҚТ бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі А. Дүйсенбаев