Дауыс беру күніне дайындық: учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту жалғасуда

2026 жылғы 18 қарашада Қарағанды облысы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу аясында № 9 сайлау округінің базасында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған дауыс беру күніндегі іс-қимыл алгоритмін пысықтау бойынша оқыту семинары өтті.

Семинарға Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Уатай Данияр Оразович қатысты.

Іс-шара барысында дауыс беру процесінде туындауы мүмкін түрлі жағдайларға қатысты практикалық кейстер қарастырылып, әрбір учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің нақты жағдайларда атқаруы тиіс іс-қимыл тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Қаралған әрбір жағдай бойынша Данияр Оразович Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес түсініктемелер мен тиісті ұсынымдар берді.

Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарға толық жауап алды.

Оқыту барысында сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сайлау процесінің заңдылығын, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Учаскелік сайлау комиссияларының қалған мүшелерін оқыту каскадтық әдіспен жалғастырылады. Бұл тәсіл барлық комиссия мүшелерін кезең-кезеңімен оқытуды қамтып, дауыс беру күніндегі іс-қимыл тәртібін бірізді түсінуге мүмкіндік береді.

Осындай оқыту іс-шараларын өткізу учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және дауыс беру күні өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындауға дайындығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/documents/details/1102084?lang=kk