Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 72 бұйрығымен бекітілген «Медициналық техниканы лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын айқындау қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) 5-тармағына сәйкес сатушылардан коммерциялық ұсыныстар жинау туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, Басқармаға 2026 жылғы 25 қарашаға дейін Қағидалардың 6-тармағына сәйкес медициналық техникаға қатысты коммерциялық ұсыныстарды ұсынуларыңызды сұраймыз. Коммерциялық ұсынысқа міндетті түрде атауы, моделі, шығарылған елі, өндірушісі, жиынтықталуы мен техникалық сипаттамалары, тіркеу куәлігінің нөмірі, құны көрсетілген техникалық ерекшелік, сондай-ақ презентациялық материалдар (слайдтар) қоса берілуі тиіс.
Төменде көрсетілген медициналық жабдықтар бойынша коммерциялық ұсыныстар қабылданады:
1. Модульдері бар жүрек-өкпе қан айналымы жүйесі – 1 дана:
- Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық көпбейінді кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК, мекенжайы: Қарағанды қаласы, Крылов көшесі, 23. Жабдық оңтайлы техникалық сипаттамаларға, клиникалық-техникалық негіздемеге және осы хабарландыруға қосымша берілген техникалық ерекшелікке сәйкес керек-жарақтарымен бірге ұсынылуы тиіс.
2. Жүрек-өкпе қан айналымы аппараты – 1 дана:
- Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық көпбейінді кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК, мекенжайы: Қарағанды қаласы, Крылов көшесі, 23. Жабдық оңтайлы техникалық сипаттамаларға, клиникалық-техникалық негіздемеге және осы хабарландыруға қосымша берілген техникалық ерекшелікке сәйкес керек-жарақтарымен бірге ұсынылуы тиіс.
3. Әртүрлі орындалымдағы медициналық диагностикалық ультрадыбыстық жүйе – 3 дана:
- Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық көпбейінді кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК, мекенжайы: Қарағанды қаласы, Крылов көшесі, 23. Жабдық оңтайлы техникалық сипаттамаларға, клиникалық-техникалық негіздемеге және осы хабарландыруға қосымша берілген техникалық ерекшелікке сәйкес керек-жарақтарымен бірге ұсынылуы тиіс.
Көрсетілген құжаттарсыз ұсынылған немесе белгіленген талаптарды бұза отырып ресімделген коммерциялық ұсыныстар қарауға қабылданбайды.
Қатысуға ниет білдірген тұлғалар жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын Басқарманың № 5 кабинетіне ұсынуы қажет.
Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2. Байланыс телефоны: 55-97-83.
Ескерту: Сатып алу рәсіміне қатысуға арналған өтінімдерді дұрыс қарау мақсатында коммерциялық ұсыныста ҚҚС-ты ескере отырып есептелген соманы, сондай-ақ медициналық ұйымның атауы мен мекенжайын көрсету ұсынылады.