Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе?

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар

 

1. Алаяқтар қандай негізгі айла-тәсілдерді қолдануы мүмкін?

 

«Қайта есептеу», «жарналардың түспеуі», «сізге тиесілі төлем» және электрондық кезекті брондау туралы қоңыраулар мен хабарламалар

 

Алаяқтар өздерін БЖЗҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон соғады немесе мессенджерлер арқылы хабарлама жібереді. Олар салымшының шотына зейнетақы жарналары түспей жатқанын немесе, керісінше, азаматқа жаңа зейнетақы төлемі не қосымша үстемеақы тағайындалғанын, қайта есептеу жүргізілгенін айтып сендіруге тырысады. Жарналардың аударылмау себептерін анықтау немесе төлемді рәсімдеу сылтауымен жалған қызметкерлер жеке деректеріңізбен бөлісіп, бөлімшелерге электрондық кезек брондау үшін SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуды сұрайды.

Шоттардың бұғатталғаны туралы жалған ақпарат

Алаяқтар компаниялардың қызметкерлеріне немесе бухгалтерлеріне хабарласып, зейнетақы шотының бұғатталғанын (мысалы, транзиттік шоттарға тыйым салынуына байланысты) мәлімдеуі мүмкін. Содан кейін жәбірленушіні «сот орындаушыларына» бағыттап, жоқ шектеулерді алып тастау үшін айыппұл ретінде ақша аударуды талап етеді.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/documents/details/1102074?lang=kk