«Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

2026 жылғы 2 желтоқсанда 10-00 де БЖЗҚ барша ниет білдірушілерді дәстүрлі «Ашық есік күні» жобасы аясында өтетін онлайн-кездесуге қатысуға шақырады.

 

Іс-шара тақырыбы: «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол».

 

Кездесу барысында қатысушылар төмендегідей маңызды ақпараттармен таныса алады:

·        зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты енгізілген өзгерістер;

·        салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқару құралдары;

·        инвестициялық портфельді басқарушы компанияны және инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігі, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру тәртібі;

·        басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізіп, шешім қабылдау үшін салымшыларға қолжетімді ақпарат;

·        зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ете алатын қорғау тетіктері;

·        зейнетақы аннуитеті, кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алады;

·        зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында пайдалану талаптары мен шарттары.

 

Негізгі күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, қатысушылар БЖЗҚ мамандарынан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Белгіленген уақытта онлайн-кездесуге төмендегі сілтеме арқылы қосылуларыңызды сұраймыз: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m5e378ed75aacfb418e38f15a4d003022.

Event-кеңес нөмірі: 2517 860 5962.

Event-кеңестің құпиясөзі: 2026

Өткізілу уақыты: 10-00 де

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/documents/details/1102068?lang=kk