.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Д.К. Кошкенованың төрағалығымен дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын арттыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстелге аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Е.А. Сулейменовте қатысып, талқыланған мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіру жолдарын талқылады.


