Аудандық әкімдіктің кіші залында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралған аппараттық кеңес өтті.

 

 

Аудандық әкімдіктің кіші залында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралған аппараттық кеңес өтті. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Қуаныш Кузгумбаев баяндады.

Кеңес барысында алдын ала профилактикалық іс-шараларды жүргізу, қажетті күштердің, арнайы техниканың және материалдық-техникалық резервтердің дайындығын тексеру, сондай-ақ ауданның елді мекендерінде ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою алгоритмдері сөз болды.

Қорытындылай келе, аудан әкімі Кенеш Әлімжанов жауапты тұлғалар мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар беріп, жоспарланған барлық іс-шараның уақтылы орындалуы мен оның орындалуына тұрақты бақылау жасаудың маңыздылығын атап өтті.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/documents/details/1100564?lang=kk