Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендерге ұсынылған өтінімдер салынған конверттерді ашудың №1 ХАТТАМАСЫ

Қызылорда қаласы 12.11.2026 жыл. 
Конкурстық комиссия:                                                                                                
Р. Ибрагим – комиссия төрағасының орынбасары;
С. Бекішев, А. Рахымжанова, Т. Кумарбаев - комиссия мүшелері    
Конкурсқа қатысу барысында №1 лот тұрақты ауданаралық № 6843/6844 «Қызылорда – Бесарық» теміржол маршруты бойынша құжаттар ұсынылды.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген тасымалдаушы мекеме (бір қатысушы) «Жолаушылар тасымалы» АҚ.
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 
30 қазандағы №113 бұйрығына сәйкес №1 лот бойынша тиісті құжаттар толық ұсынылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-transport/documents/details/1100558?lang=kk