«Жас маман» – ауылдың ертеңі

«Жас маман» – ауылдың ертеңі

Ауылдың болашағы – білімді жастардың қолында. Бүгінде қалада қалудың орнына туған жерге оралып, өз мамандығымен еңбек етіп жүрген жастардың бірі – Мұқыр ауылының химия пәнінің мұғалімі Аманқос Динара Аманқосқызы.

Динара жоғары оқу орнын бітірген соң, ешбір бағдарламаны күтпестен, жүрек қалауымен туған ауылына келген. Оның осы салаға келгеніне бүгінде 5 жыл толып отыр. Оқушыларға сапалы білім берумен қатар, жаңа технологияларды үйретіп, ауылдың қоғамдық өміріне де белсене араласып келеді.

Алғашында өз қалауымен келген жас ұстаз былтыр «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының шапаретін көріп, мемлекет қолдауымен баспаналы болды. Бұл оның ауылда тұрақтап, алаңсыз еңбек етуіне үлкен серпін берді.

– Ауылда бала оқыту – үлкен мәртебе. Жастарға айтарым: ауылдан қашпай, туған өңірді көркейтуге атсалысайық, – дейді Динара Аманқосқызы.

Мұқырлық Динара сияқты жас мамандар – ел ертеңіне деген сенімнің айқын кепілі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/documents/details/1100533?lang=kk