73 сессияның күн тәртібі

Жарқайың аудандық мәслихатының (8-ші шақырылған  кезекті 73 сессиясы)

 

Ш Е Ш I М I

 

Державин  қаласы                      № 8С-73/1                     2026 жылғы 15 қыркүйек

 

Аудандық мәслихаттың

сегізінші шақырылған кезекті

жетпіс үшінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылған кезекті жетпіс үшінші сессиясының  күн тәртібі бекітілсін:

           1. «Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау туралы есебі».           

Баяндамашы: Е.К.Жүсіпбеков – Жарқайың ауданының әкімі.

        2. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 28 наурыздағы  №8С-48/2 «Елді мекендерді аббаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану  туралы.

          Хабарламашы: З.Ж.Смағұлов – Державин қаласының әкімі.

         3. Жарқайың ауданы бойынша жер салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы.

          Хабарламашы: Б.П.Шонов - «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

4. «Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».           

Хабарламашы: Т.Ұ.Төлеген  – «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

5. «Жарқайың ауданы әкімінің жеке құрамын келісу туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7С-8/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: О.А.Гуменная – Жарқайың ауданы әкімі аппаратының құқықтық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

6.Жарқайың ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.

Хабарламашы:Б.С.Хасенеев – «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

7. «Жарқайың аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы.

Хабарламашы: Л.С.Сыздықова – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.

8. «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Хабарламашы: М.А.Дуденко – «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекмесі басшысының м.а.

9. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселе туралы.

 

Аудандық  мәслихаттың  төрағасы                                А.Әлжанов                                                                                                                         

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/documents/details/1100508?lang=kk