Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін
сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№1 ШЕШІМІ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:
|
Р/б № |
Сайлау учаскесінің № _____ |
Учаскенің орналасқан жері |
|
1. |
625 |
ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан ауданы шекара басқармасы |
|
2. |
627 |
ШҚО, Зайсан ауданы, Шілікті ауылы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Шілікті» шекара бөлімі |
|
3. |
628 |
ШҚО, Зайсан ауданы, Қаратал ауылы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Қаратал» шекара бөлімі |
- Бұл сайлау учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
- Осы шешім Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
- Осы шешімнің көшірмесі Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Комиссия төрағасы _____________ С.М.Андырбаев
МО
Комиссия хатшысы _____________ Р.С.Исажанова
2026 жылғы 11 тамыз
Ескертпе: Шешім дауыс беру күніне жеті күннен кешіктірілмей қабылданады.