Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
14-қосымша
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. 14-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.03.2025 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2026 № 118 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.