Жалпы конкурс (Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы (С-О-3 санаты, 1 бірлік, уақытша 28.02.2028ж.дейін)

Жалпы конкурс

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

С-О-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

            Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

            2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

            3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/documents/details/1099266?lang=kk