2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Қазалы ауданының Ақжона ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. Қазалы ауданының Ақжона ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау

Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2026 жылғы 11 қараша

                                                                                                                        (113-1-б. 1-т. 1) т.)

 

 

2. Әкім сайлауы жөніндегі тиісті сайлау округінің шекарасын және Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 21 қарашадан кешіктірмей

(22-б. 2-т.)

 

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 21 қарашадан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

 

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

 

5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазалы ауданының әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей  

(23-б. 5-т.)

 

 

6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2026 жылғы 12 қарашадан басталады және 2026 жылғы 24 қарашада сағат 18:00-де аяқталады

(113-3-б.)

 

 

7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б. 2-т, 113-2-б.)

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/documents/details/1099256?lang=kk