2026 жылғы 8 қарашада өткен Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 8 қарашада Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 15830 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 9277 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 52 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Жаңатас қаласы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Дүйсен Жалғас Дүйсенұлы үшін сайлаушылардың 2733 дауысы берілді.
Қыдырәлі Айдар Асқаралиұлы үшін сайлаушылардың 945 дауысы берілді.
Сакипбеков Жумат Жумабекович үшін сайлаушылардың 5546 дауысы берілді.
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 37.
Сайлау қорытындыларымен Жаңатас қаласының әкімі болып Сакипбеков Жумат Жумабекович сайланды. 1980 жылы туған, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны.
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы