Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеу жүргізудің негізі: А15.3 диагнозына 02.10.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама.
2. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3. Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылмаған
4. Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы қазан айының 07-нен бастап 2026 жылғы 05 қарашаға дейін.
5. Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ, ТЭЦ-3, ТЭЦ-2.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: жоқ.
7. Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жоқ.
8. Қабылданған шаралар: эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша қаулы берілді.
.