Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізу негіздері: бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша сәйкес келмейтін өнім анықталды. Бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы 01.10.2026 жылғы № 18 акт.
2. Тергеуді жүргізген бақылау және қадағалау органы:
«ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысы СЭБД Баянауыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалану туралы келісім): _жоқ_
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімдері: 2026 ж. «01» 10 – 2026 ж. «29» 10
5. Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
ЖК Амосов «Мир сладостей» дүкені, мекенжайы: Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы,Сәтбаев көшесі, 25А.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын анықталған бұзушылықтардың себептері мен сипаты:
Бұзушылықтар анықталды. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттар және тауарға ілеспе құжаттар ұсынылмаған.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар кіреді:
ЖК Амосов
8. Қабылданған шаралар: Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сайкес келмейтін өнімді (тауарды) сатудан алып қою және кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулысы берілді Еуразиялық экономикалық одақтың 29.10.2026 жылғы № 14 қаулысы .