«Алувиа 200мг/50мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

Дәрілік заттың тіркеу куәлігін
кері қайтарып алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-
тармағының 7) тармақшасына және «Дәрілік заттар мен медициналық
бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып
қою не шектеу қағидаларын бекіту» туралы ҚР ДСМ 2020 жылғы 24
желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Алувиа 200мг/50мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар»
ҚР-ДЗ-5№023122, дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылсын, тіркеу
куәлігінің ұстаушысы – «Эббви Биофармасьютикалс ГмбХ» Швейцария.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация
комитетінің (бұдан әрі – Комитет) фармацевтикалық қызмет саласындағы
мемлекеттік қызметтер көрсету және интеграция басқармасы осы шешім
қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін)
нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу
куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы
саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және
астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті
органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша
еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының
жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dkf-almaty-oblast/documents/details/1098135?lang=kk